Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс бюджетіне 160 миллиард теңгеден астам қаржы түсті - АРҚА АЖАРЫ

Облыс бюджетіне 160 миллиард теңгеден астам қаржы түсті

Мемлекеттік бюджетке түсімдер бойынша жоспарлы тапсырма 107,1 пайызға орындалды. Яғни, бюджетке 160,3 миллиард теңге түсті. Бұл жоспардағыдан 10,6 миллиард теңгеге көп, әрі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,0 миллиард теңгеге артық.

Республикалық бюджетке өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 92,9 миллиард теңге түсті. Бұл да жоспардағыдан 16,7 миллиард теңгеге көп.

Жергілікті бюджет 114,6 пайызға орындалды, жоспар бойынша 58,8 миллиард теңге түсуі тиіс болса, 67,4 миллиард теңге түсті. Бұл да жоспар 8,6 миллиард теңгеге асыра орындалды деген сөз. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5 миллиард теңгеге өсті.

2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсетін түсімдердің ең көп өсу сомалары корпоративтік табыс салығы бойынша 8,6 миллиард теңгеге, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден импортталатын тауарларға ҚҚС бойынша 3 миллиард теңгеге және ЕАЭО-мен ҚҚС бойынша 3 миллиард теңгеге жетті.

Жергілікті бюджет бойынша түсімдердің негізгі өсім үлесі төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығына 4,4 миллиард теңгеге, акциздер бойынша 3,7 миллиард теңгеге, әлеуметтік салық бойынша 2 миллиард теңгеге теңкеледі.

Салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижесінде 13,5 миллиард теңге көлемінде қосымша түсімдер қамтамасыз етілді.

Онлайн өзара әрекеттесудің барлық артықшылықтары мен ыңғайлылығын ескере отырып (“E-Salyq Business”, “E-Salyq Azamat” мобильді қосымшалары әзірленді, “Salyq Bot” іске қосылды, App Store, Play Market және App Gallery қолжетімді), салық төлеушілерді салық міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырамыз. Сұрақтар туындаған және кеңес алу қажет болған жағдайда бізде салық және кеден заңнамасының кез-келген мәселелерін түсіндіру және көмек көрсету жөніндегі 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді, сондай-ақ, біз Instagram-Mkd_aqmol,Facebook,Telegram,YouTube-те бармыз.

 Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар