Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басты назар көктемгі егіске ойысуда - АРҚА АЖАРЫ

Басты назар көктемгі егіске ойысуда

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Аршалы, Ерейментау аудандарында болып, бірқатар әлеуметтік-экономикалық нысандарды аралап көрді, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесіп, көктемгі егісті қысқа мерзімде, ұйымшылдықпен өткізу мәселелерін пысықтады.

Өңір басшысы алдымен, Аршалы ауданының Турген селосындағы «Кабель КТ» серіктестігінің цехында болып, кабель жасау жұмыстарының барысымен танысты. Серіктестіктің құрылтайшысы Дмитрий Немченконың айтуынша, кәсіпорын биылғы жылдың наурызында пайдалануға берілген. Екінші тоқсаннан бастап тәулігіне 150 шақырым кабель шығару жоспарланып отыр. Қазір мұнда 9 адам жұмыс істейді. Облыс басшысы Астана қаласында тіркелген серіктестіктің Аршалы ауданына ауысуын тапсырды.
Облыс әкімі «Поиск агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қырманында аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесті. Өңірдің диқандарын қолдау үшін «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы 5 миллиард теңге алынғанын атап өтті. Ылғалды жылы арамшөп көп шығатындықтан, гербицид мәселесіне алаңдайтынын да жасырмады. Биыл бұл бағытқа 2,1 миллиард теңге қарастырылған. Өңір басшысы диқандарды көктемгі егісті қысқа мерзімде аяқтап шығуға шақырды.
– Соңғы уақытта жер жөнінде көп айтылады. Қазақстандықтарға жерді жалға немесе сатып алу құқы берілгеніне он екі жыл болды. Осы уақытта тек қана 81 мың гектар жер сатылды. Бұл облыс көлеміндегі егістік алқабының 0,8 пайызын құрайды. Жер кодексінің нормаларында жер шетелдіктерге сатылады деп жазылмаған. Осы жөнінде сіздер тұрғындарға түсіндірулеріңіз қажет, – деген облыс басшысы «Поиск агрофирмасы» серіктестігінің қырманына шығарылған тұқымның сапасына назар аударды. Биыл серіктестік 20 мың 437 гектар алқапқа тұқым сіңіруді жоспарлап отыр. Барлық егіс алқабының 69,5 пайызына дәнді дақылдар себіледі. Шаруашылық биылғы жылы бұршақты дақылдар алқабын 1064 гектарға кеңейтпек. Серіктестіктің директоры Александр Гусевтің айтуынша, 3 мың гектарға жуық алқапқа зығыр тәрізді өзге де дақылдар сіңіру жоспарланған. Серіктестік егіншілікпен қатар мал шаруашылығымен де айналысатындықтан, 470 гектар алқапқа азықтық дақылдар, 441 гектар жерге көпжылдық шөп егіледі. Облыс әкімі Турген селосының мәдениет үйінде болды. Мұнда аталмыш серіктестіктің есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың шатыры жөнделіп, пластикалық терезелер орнатылыпты. Көрермендер залының ішкі жұмыстары атқарылып, 200 жұмсақ орындық қойылған. Сондай-ақ, сахналық костюмдер мен музыкалық аппаратура сатып алыныпты. Қазір спорт залы жөнделуде.
Өңір басшысы аудан активін өткізіп, аудан әкімі Азамат Тайжановтың биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы Аршалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жөніндегі есебін тыңдады. Тиісті басшыларға Аршалы кенті мен Ижевск селосы арасындағы жолды күрделі жөндеу бойынша конкурс жұмыстарын аяқтауды, ауданға инвестиция тартып, жаңа кәсіпорындар ашуды міндеттеді. Ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі аз. Оның үстіне орташа еңбекақы да көңіл көншітпейді. Осы орайда, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында әлеуметтік нысандар құрылысы жөнінде 1 маусымға дейін ұсыныс жасалатын болды. Облыс басшысы азық-түлік бағасының негізсіз көтерілмеуін, жылу беру маусымына дайындықты ерекше бақылауға алуды, Жер кодексіне енгізілген түзетулерді тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды.
Облыс әкімінің жұмыс сапары Ерейментау ауданында жалғасын тауып, Новомарковка селосындағы «Жаңа Береке» шаруа қожалығының ауысымына 10 тонна ет өңдейтін кешен құрылысының барысымен танысты. Мұнда бірнеше цехтармен қатар ветеринарлық зертхана, дүкен, кеңсе бөлмелері, тоңазытқыш камералары, қойма мен тұрмыстық бөлмелер орналасқан. Цехтарға Ресей мен Польшада жасалған қондырғылар орнатылады. Кешен биылғы жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда қожалықта 1850 бас ірі қара мал бағылуда. Сондай-ақ, 3 мың бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы салынуда. Өңір басшысы «Торғай» серіктестігінің егістік алқабында болып, көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты. Шаруашылық қажетті тұқыммен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген.
Алқап басында аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесіп, көктемгі егіс жұмыстарына дайындықтарын сұрастырды. Ашық күндерді тиімді пайдалануды тапсырды. Диқандарға қаржылай қолдау көрсетілетінін, қаржыны мезгілінде кері қайтару қажеттігін еске салды. Астанадан елді мекендерге инвесторлар тарту қажеттігін атап өтті. Облыс басшысы Жер кодексінің жаңа нормалары жөнінде тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Облыс әкімі Ерейментау қаласындағы 200 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты. Құрылысты Шахзада Асқаров басқаратын «Мұхамед-2007НС» серіктестігі жүргізуде. Қазір электромонтаждық жұмыстар аяқталып, қабырғалары сыланған. Нысан биылғы жылдың тамызында пайдалануға берілмек.
Өңір басшысы жұмыс сапарының соңында аудан активімен кездесіп, аудан әкімі Ермек Нұғымановтың биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы Ерейментау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жөніндегі есебін тыңдады. Аудан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша алдыңғы қатарда. Мал шаруашылығы саласын жедел дамыту үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ауданда 3,3 миллиард теңгенің 5 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Облыс басшысы негізгі капиталға инвестиция тартуды, еңбекақы мәселесін реттеуді, азық-түлік бағасын негізсіз көтермеуді және құрылыс жұмыстарын жандандыруды,  жылу беру маусымына дайындықты ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
 Рамазан ТІЛЕУОВ
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар