Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл қалай өткізіледі?..

2016 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Нюсупов, Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Ж.Жонтаева, Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры С.Өмірбаевтың, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның басқарма төрайымы К.Шәмшидинова және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қ.Әбдиевтің қатысуымен 2016 жылғы ҰБТ-ны өткізуге дайындық туралы брифинг өтті. 

 

2016 жылғы 2-15 маусым аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткізіледі.
2015 жылдан бастап аттестатқа ҰБТ мен пән бойынша жылдық бағаның қорытындысы бойынша орташа арифметикалық сомасындағы құрамдық баға қойылады. Дау тудыратын жағдайда бағаны дөңгелектеу көтермелеу жағына жасалады. ҰБТ-ның форматы өзгермейді.
Мұндай аттестаттау мектептің жұмысын әділ бағалауға, мектеп бітірушілерге түсетін психоэмоционалдық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.   
2004 жылдан бастап, 12 жылдың ішінде ҰБТ-ға 1 миллион 504 мың мектеп бітірушілер қатысты, бұл бітірушілердің жалпы санының 77,1 пайызын құрайды. ҰБТ 166 арнайы жабдықталған пункттерде өткізіледі.  Оның 116-сы аудан орталықтарында, 50-і облыс орталықтары және Астана мен Алматы қалаларының жоғары оқу орындарының мекемесінде  орналасқан.
Бір ҰБТ өткізу пунктінде 1 күнде тестіленушілердің саны 600 баланы құрады (2015 жылға дейін ҰБТ мерзімі бір аптаны құраған, лектегі білім алушылар саны 800-ге дейін болған).
 ҚР БҒМ, жергілікті атқарушы органдар және ҰБТӨП жанындағы мемлекеттік комиссиялар ҰБТ-ны сәтті өткізу үшін қажетті жағдай жасауда.
Жыл сайын тест тапсырмаларының базасы 20-30 пайызға жаңартылып отырады.
1609 аудитория пайдалану жоспарлануда. Министрлік өкілдері ретінде даярланған 1745 адам (бір аудиторияға 1 адам) жіберіледі.
Облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында ҰБТ өткізу кезінде мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарының өтініштері мен шағымдарына жедел ден қою үшін ҰБТ-ны өткізу және үйлестіру жөніндегі  штабтар құрылады. Министрлік жанынан республикалық штаб жұмыс атқарады. ҰБТ жүйесін жетілдіру жалғасуда. 2015 жылдан бастап ҰБТ қорытындысы құпия ақпарат болады, оны жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша ғана білуге болады. Алған балл тізімінде бітірушінің тегі ЖСН-мен алмастырылады. Сондай-ақ, ҰБТ қорытындысы Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланатын болады. Сервиске қол жеткізу үшін ЖСН мен емтихан басталар алдында берілетін жеке кодты енгізу талап етіледі.
Ағымдағы жылы шекті 50 балл жинай алмаған бітірушілер үшін 2016 жылдың тамыз айында кешенді тестілеуді қайта тапсыру мүмкіндігі қарастырылады. Қайта тапсыру ақылы түрде өткізіледі.

 

Анықтама: 2016 жылы Қазақстан Республикасында мектепті 121 092 бітіруші бітіреді; оның ішінде 83 330-ы қазақ тілінде, 37 762-сі орыс тілінде. ҰБТ-ға қатысуға 86 991 өтініш берілді, ол мектеп бітірушілердің жалпы санының 72 пайызын құрайды, оның 63 021-і қазақ тілінде, 23 970-і орыс тілінде оқыған мектеп бітірушілер. ҰБТ 166 арнайы жабдықталған пункттерде өткізіледі.  Оның 116-сы
аудан орталықтарында, 50-і облыс орталықтары және Астана мен Алматы қалаларының жоғары оқу орындарының мекемесінде  орналасқан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар