Жастар әзіл жарыстырды

«Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола көңілділер және тапқырлар лигасының 10-ыншы мерейтойлы маусымы ашылды.

 

Шара Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Көкшетау қаласының жас-тар ресурстық орталығы және Ақмола жастар КВН лигасының ұйымдастырылуымен өткізілді. Фес-тивальге өңірдің үздік командалары, сондай-ақ, Астанадан келген қонақтар қатысты. Көңілділер мен тапқырлар Көкше көрерменіне жарқын мереке сыйлады. Әрбір команданың әзілі орынды да тұшымды болды.   
Астанадан келген «Вне закона» құрамасы көрерменнің ерекше ыстық ықыласына бөленді. Олардың әзілін көрермен жақсы бағалады. Жігіттер Көкшетауға ең алғаш рет келіп тұрғандарын, қала мен жергілікті көрерменнің ұнағанын айтты. Астаналықтардың әзілі сан алуан тақырыпта өрбіді. Сахнаға алғаш рет шыққан Краснояр селосы «Селфи» командасының көрерменге сыйлаған көңіл-күйі ерекше. Тәжірибесі болмаса да, өнерге деген талпыныстары бірден байқалады. Олардың әзілдерінің көбісі мектеп пен балалық шақ тақырыбын қамтыды. «Ұнамаса, қарама» тобы Атбасар ауданынан келіпті. Сахнаға қара жорғаны билеп шыққан бұл жігіттер жастардың әлеуметтік желіге әбден тәуелді болып кеткендігі туралы көп қалжыңдады. Сонымен бірге, қазақтың тойға кешігіп жүруін де жеңіл-желпі күлкі қылды. Көкшетау көңілділер мен тапқырлар клубының тарихында ең алғаш шыққан команда «Көкшетау метрополитені» еді. Олар сахнада тек бір дауыспен ғана көрерменді таң қалдырды. Бұл ерекше жобаны ойлап тапқан «Не дети» КВН құрамасының капитаны Диас Нұрмағамбетов. Жақсы ауданынан келген «Джяйка» тобы көрерменді рэп өнерімен тамсандырды. Ойынның қорытындысы бойынша нақ осы топ маусымның жеңімпазы атанды. Екінші жүлделі орын астаналық «Вне закона» құрамасына бұйырды. Үшінші жүлделі орынды «Оптимальный вариант» құрамасы алды. Барлық топтарға сыйлықтар ұсынылып, жылы лебіздер айтылды.

Алма НЫҒМЕТОВА.

Суретте: шарадан көрініс.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар