Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жергілікті депутаттар арасында - АРҚА АЖАРЫ

Жергілікті депутаттар арасында

Облыстық  мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин жұмыс сапарымен Еңбекшілдер және Бурабай аудандарында болды. 

Дулат Нұрмолдин бұл өңірлерде аудандық мәслихаттың хатшыларымен кездесіп, өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап көрді, азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Екі ауданнан сайланған депутаттар көбіне денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, энергетика және телекоммуникация салаларының өкілдері болып табылады. Кездесу барысында облыстық мәслихаттың хатшысы Мемлекет басшысының бағдарламалық құжаттарында алға қойылған міндеттерді іске асыру туралы айта келе, депутаттық корпус қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамаларының аясындағы  негізгі бағыттарын айқындай түсті. Соның ішінде, әсіресе, аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуын  жеделдету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қоян-қолтық жұмыс істеу мәселесі алға тартылды.
Сондай-ақ, Жер кодексіне енгізілген түзетулер мен толықтырулар жөнінде де түсінік берілді. Бұл мәселе бойынша халық қалаулылары сауалдар қойып, өз көзқарастарын білдірді. Бүгінгі таңда әсіресе, осы Жер кодексін халыққа кеңінен түсіндіру міндеті күн тәртібінде ерекше тұр. Сондықтан, депутаттардың да осы маңызды іске белсене үлес қосулары керектігіне ерекше назар аударылды.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалдарында азаматтарды қабылдау барысында еңбекшілдерлік тұрғындарды көбіне-көп жол жөндеу, елді мекендердегі пошта бөлімшелерінің жұмысы,
аудан орталығы Степняк қаласының дамуы, «Жедел жәрдем» көліктерінің жетіспеуі сияқты мәселелер ерекше толғандыратыны аңғарылды.  Жұмысқа орналасу мәселесімен  қабылдауға келген  жас әйелдің өтініші оң шешімін тауып, бұдан былай аудандық білім бөлімінде еңбек ететін болды.
Бурабай ауданының тұрғындары қабылдауда тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы мәселелерін көбірек көтерді.
Жалпы, жұмыс сапары барысында Дулат Нұрмолдин Еңбекшілдер ауданының Үлгі ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны, жұмысшы мамандарын  даярлайтын Степняк оқу-өндірістік комбинатын, Біржан сал атындағы балалар музыкалық мектебін және «Фаворит ГОЛД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік цехын аралап көрді.  Бұл аталған нысандардың басшылары: аудандық мәслихаттың депутаттары Қайрат Тастанбеков, Игорь Магерко, Гүлмира Құртабиева және Фарит Хадиев өз істерін жетік білетін мамандар санатынан екендігін айта кеткен жөн.  
Бурабай ауданында Дулат Нұрмолдин «Көкшетау Энерго Центр» «Восток Энерго» серіктестігінің  директоры, облыстық мәслихаттың депутаты  Талғат Жалмағамбетов басқаратын кәсіпорынның жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті.
Облыстық мәслихат хатшысының жұмыс сапары барысында көтерілген мәселелердің барлығы бақылауға алынды. Қазіргі уақытта бұл мәселелер бойынша тиісті орындарға депутаттық сауалдар дайындалуда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар