Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елшіні қабылдады - АРҚА АЖАРЫ

Елшіні қабылдады

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хайрулло Ибодзоданы қабылдады. Облыс әкімі өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтіп, Ақмола облысы аграрлы-индустриялды аймақ екендігін баса айтып,  негізгі бағыттарды тілге тиек етті. Мәртебелі мейман өз кезегінде өңір басшысына алғыс айтып,  өз орталарын ортаға салды.    

–Ақмола облысы – Қазақстанның негізгі ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі. Республиканың ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің оннан бір бөлігі біздің өңірге тиесілі. Егістік алқаптар 10 миллион гектарды құрайды,оның ішінде: 5,5 миллион гектардан астам егістік, 4,4 миллион гектар жайылымдық алқаптар. Егілетін алқаптардың 90 пайызға жуығы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдармен қамтылған. Қазақстан Республикасы ауқымында біздің өңір әрбір екінші астық жинау комбайынын, әрбір екінші тракторды, құс етінің әрбір үшінші тоннасын, өңделген сүттің әрбір 5 литрін өндіреді. Біз өнімді 26 елге экспорттаймыз, барлығы біздің аумақта 50-ге жуық экспорттаушы компания жұмыс істейді, – дей келіп,  облыс әкімі барлық салаларда жан-жақты ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.

Өз кезегінде Хайрулло Ибодзода облыс әкіміне алғыс айтып,  Тәжікстан жастарын Қазақстанның оқу орындарына, оның ішінде Көкшетау қаласына оқуға жіберуге ниетті екендігін де атап өтті. Сондай-ақ, кездесу барысында туризм бағытындағы ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейту мәселесі де айтылды. Сонымен қатар, екі ел арасындағы сауда-саттық, экономикалық бағытты дамыту мәселелері де талқыланды. Жиында белгілі болғанындай, алдағы уақытта екіжақты ынтымақтастық-әріптестік нығайып, аймақтағы астық экспорт бағытында бірлескен жобалар қолға алынатын болады. Бұдан басқа, серіктес елден көкөніс пен жеміс-жидек тасымалдау мәселесі де оң нәтижесін береді деп жоспарланып отыр.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

***

Қос тараптың кездесуі ынтымақтастықты көздеді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Татарстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Василь Шайхразиевті қабылдап, диалог барысында қос тарап өзара ынтымақтастықты нығайтудың маңызды мәселелерін қозғады.

Бүгінде Ақмола облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымы 300 миллион доллардан асқан. Соңғы үш жылда 1,5 миллиард теңгеге жеткен. Қазіргі таңда өңірімізде татар этносының 13 мыңнан астам өкілі тұрады. Олардың көпшілігі мемлекеттік басқару,ғылым, мәдениет, спорт, өнеркәсіп салаларында еңбек етеді. Қос тарап арасында білім беру саласында бірнеше жоба қолға алынған. Мәселен, «Білім-инновация» лицейінің ұстаздары тәжірибе жинақтау мақсатында Татарстан Республикасына барды. Инженерлік және ІТ – лицейлерінде  болып, біліктіліктерін арттырған.

– Экономика мен білім беруден басқа, сіздермен мәдени тығыз қарым-қатынастамыз. Бізде құрылғанына 30 жылдан астам уақыт болған татар мәдени орталығы жұмыс істейді. Сол орталықпен бірлесіп, көптеген танымдық шаралар өткіземіз. Соның ішінде сабантой ірі мерекелік кештерді атап өтер едім, – деді өңір басшысы.

Өз кезегінде, Татарстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Василь Шайхразиев осы жылғы орақ науқанына тоқталды. Олар биыл қамбаға 5 миллион тонна астық құюды жоспарлап отыр екен. Сонымен қатар, екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру жоспарлануда.

– Пандемияға дейін Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 800 миллион АҚШ долларын құрады. Сол кезде біздің басшы бұл көрсеткішті 1 миллиард долларға жеткізуді жүктеді, – дейді Василь Шайхразиев.

Ынтымақтастық кездесуінің соңында Татарстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Василь Шайхразиев пен облыс әкімі Ермек Маржықпаев естелік сыйлықтар алмасты.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар