Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетаудағы ЖЭО құрылысы қашан басталады - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетаудағы ЖЭО құрылысы қашан басталады

— Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде тұрғындармен кездескен ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Көкшетауда жылу электр орталығы (ЖЭО) құрылысының кешігу себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, Ақмола облысын жылумен жабдықтаудың негізгі көздері Степногордегі ЖЭО және «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының қазандықтары болып отыр. Олардың белгіленген жиынтық қуаты сағатына 1,6 мың Гкал, ал қолданыстағы қуаты сағатына 1,1 мың Гкал-ды құрайды. Степногор ЖЭО-ның орташа тозуы 76 пайызды, ал «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының қазандық жабдығы 63,1 пайызды құрайды.

«Бүгінгі таңда қалада тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде, көп қабатты тұрғын үйлер, кәсіпорындар мен әлеуметтік сала нысандары салынуда. Осыған байланысты Көкшетауда жылумен қамтамасыз ету көзі мәселесі туындап отыр. Жұмыс істеп тұрған жылу қазандықтарының қуаты жеткіліксіз. Ол үшін бүгінгі күні жылу қуаты сағатына 520 Гкал-ды құрайтын Көкшетау ЖЭО құрылысы қарастырылуда», — дейді министр.

Осы ретте, министр Мемлекет басшысының жеке бақылауында тұрған Көкшетау ЖЭО құрылысы салу сияқты маңызды мәселенің шешімі неліктен ұзаққа созылып отырғанын атап өтті.

«Бастапқыда біз жобалаған станция газбен жұмыс істейді деп жоспарладық. Өкінішке орай, Көкшетау қаласына газ құбырын жеткізу аяқталмауына байланысты, яғни, Нұр-Сұлтан қаласынан «Сарыарқа» газ құбырын жалғастыруды айып отырмын, бұл жоба іске асырылмады, сондықтан жобалаумен уақыт созылып кетті. Енді біз станция болашақта газға ауыса отырып, көмірді отын ретінде пайдалануы керек деп шештік. Қыркүйек айында аукцион өткізіледі. Аукцион ашық болады, оған станция құрылысын қолға алғысы келетін қатысады. Ең төменгі тариф және ең жақсы шарттарды ұсынғандар станция таңдап алынады. Содан кейін ғана кейін ЖЭО құрылысы бойынша жұмыстар басталады», — деп толықтырды Болат Ақшолақов.

Айта кетсек, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыру үшін 2 нұсқа пысықталуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар