Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ниет түзу болса, мешіт те салынады - АРҚА АЖАРЫ

Ниет түзу болса, мешіт те салынады

Біреуге  ата-анасынанүлкен мұра, молшылық   қалып, соны ұқсата алмай  аздырып жіберсе, енді бірі ата-анасынан алған тәрбиесімен білімін  ұштастыра  отырып,  өзеңбектерімен  солардың алдындағы  парызын  өтейді. Олай  деуімнің үлкен  себебі бар, бірге туған бауырым Баян Сыздыққызының балалары – туған  жиендерім ел-жұртын риза қылып, халқының батасын алып  жатыр.

Биылғы   жылдың 30  тамыз  күні  есте  қалатын үлкен  жаңалық – Ерейментау ауданының Еркіншілік  ауылында жаңа мешіттің  ашылуы болды. Осы ауылдың  тұрғыны  Самат  Бәшәрұлы «Өрнек» шаруа  қожалығының басшысы  болатын. Егін егіп, аздаған мал ұстап, туыстарымен   еліне көмек жасағанымен, көңілінің түкпіріндегі үлкен  арманы еңбегінің жемісін  жалғастырып, ауылына  шырақ  отын  жағатын мешіт салу еді. Бір  кездескенде:

–Ләлә, мешіт салсақ па деген  ойымыз бар, – дегенде әрине, қуандым, өте ауыр  жүк, оның орындалуыда оңай емес екенін  түсіндім.

Бауыры Болаттың жанұясымен ақылдасып, мешіт салу шешімін  қабылдаған болатын. Сол армандары орындалды. Хамзиндер үлкен әулет. Әкелері  Башар  Хамзұлы (Қайырлы-Башар)  мен отанасы Баян Сыздыққызы онбір бала  тәрбиелеген, үрім-бұтақтары өсіп-өнген отбасы. Ғажап өмір. Апа-жездем  ұстаздар отбасы. Екеуі де жоғары білімді, бірі тарихшы болса, бірі  химия-биология  пәнінің мұғалімі. Өз пәндерінің хас шебері. «Қазақстанға еңбегі  сіңген ұстаз» деген  атағымен қоса, батыр  ата-ана. Қарапайым мұғалімдіктен бастап, мектеп директоры лауазымында зейнеткерлікке шықты.

Міне, сол ұлағатты ұстаздардың  балалары  тамаша  сәулетті  мешіт салды. Іші-сырты өте әдемі, қазіргі талапқа сай әрленген. Бар қажеттілік ойластырылған. Сыртқы көрінісі алыстан көз тартып тұрса, іші оданда  керемет, көркем, көк түсті ковралан төселген. Өте келісті. Намазға ниет ету залы 200 шаршы метр, бір мезгілде 150  жамағатнамаз оқи алады. Шаңырағы  биік, акустикасы өте жоғары керемет көз тартатын орда. Жарқыраған  хрустальшамдары толықтырып тұр.

Мешіттің ашылу салтанатына келген құрметті қонақтардың ішінде  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мен Көкшетаудан келген облыс имамы Сәбит Қуанышұлы, Ерейменнің Тоқан хазірет мешітінің имамы Еркебұлан, аудан әкімі Абай Әлжанов жергілікті ақсақалдар алқасы және астананың құрметті азаматы Қуандық Тәженов пен алыс-жақыннан келген жора-жолдастар, құда-жекжаттар болды.

Құттықтау тілегін айтып, ақ батасын берген Наурызбай қажы өте мәдениетті, қарапайымдылығымен елдің есінде қаларлықтай уағыз айтты. Қарттарға сәлем беріп, өте кішіпейілдікпен бүгін Еркіншілік ауылының барлық  мұсылман қауымы және келген қонақтар үшін ерекше күн екенін  атап өтіп, ел-жұртты шын пейілімен  құттықтай келе, «Азаны  бар  ел   азбайды, бірлігі бар ел тозбайды» деп  Аллаға шүкіршілік  етіп,  сәулетті мешітіміз  ашылып  жатыр деді.

Дуалы ауыздан шыққан бұл сөзді жиналған қауым үкен құрметпен тыңдап, риза болды. Жаңа мешітке арнап әкелген сый-сияпаты және бар екен. Ең кереметі, Наурызбай қажының жиенім  Саматқа  кигізген шапаны еді. Бас мүфтидің қолынан шапан киюге нәсіп еткен Аллаға рахмет. Мешітке келген барлық  жамағат құттықтап жатыр. Аудан әкімі  Абай Еламанұлы  жергілікті қарт ақсақал Мұқаметжан Әлкеев те жүрекжарды қуанышымен бөлісті.

Мешіттің есігін ашпай тұрып, Самат жиеніміз екеуміз ел-жұртқа, діни басшыларға, туған-туыстарға рахмет айттық. Шашу шашылып, мешіттің ішіне кіріп, құран бағышталып, намаз оқылды. Мешіттің ашылу салтанатының құрметіне Ерейментау ауданының балалары арасында қазақша күрестен жарыс ұйымдастырылды. Еркіншілік ауылында жаттықтырушы болып жұмыс істейтін абзал азамат Берік  Жамалиев  басқарып өткізген тамаша  көрініске ел сүйсінді. Жарыста өз мәресіне жетіп Хамзиндер әулетінің  демеушілігімен  балаларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Осындай мәдени іс-шара алда да  бола берсін. Мешіттің ауласы қуанышқа толып, жамағат жақсы  ниетте болсын. Дәулеттіде сәулетті отбасының ұстанымы жоғары болса екен. Тіл-көзден аулақ. Игілікті істер көп болсын.

Алланың бергені, Башар жездем  мен Баян  тәтемнің балалары өсіп-өнген отбасылар. Бұл отбасыларда барлық мамандық иелері баршылық. Лауазымды азаматтарыда бар. Немерелері ер жетті. Олар шет елден білім алып, еліне оралып еңбек етіп жатыр. Апа-жездем тірі болса, шөбереде сүйетін еді. Кешеден бері елдің түкпір-түкпірінен құттықтаулар келіп, қуанып жатырмыз. Жер-жердегі, шет елдердегі апа-жездемнің шәкірттеріде, туған-туыс, құда-жекжаттарда жылы лебіздерін айтуда. Барлық тілек қабыл болсын. Мешіт  жастармен жамағатты  ислам дінін құрметтеуге, мәдениеттілікке тәрбиелесін.

Балжан  СЫЗДЫҚҚЫЗЫ.

 Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар