Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа кәсіпорынның іргетасы қаланып, емдеу мекемесі ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа кәсіпорынның іргетасы қаланып, емдеу мекемесі ашылды

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Целиноград, Қорғалжын және Егіндікөл аудандарында болып, осы өңірлердің жағдайымен танысты, ауыл әкімдерімен және  шаруашылық басшыларымен кездесіп, көктемгі егіс науқанын қысқа мерзімде сапалы өткізуді, басқа да қойылған талаптар мен жүктелген міндеттерді дәйекті шешуді тапсырды.

  Өңір басшысы жұмыс сапарын Целиноград ауданынан бастап, «KBEnterprises» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күн сәулесінен қуат алатын электр станциясының алғашқы тасының қалану рәсіміне қатысты.
Жаңа жоба – шын мәнінде атап айтуға тұрарлық айрықша құнды бастама. Жобалық құны 150 миллион евроны құрайды. 100 пайыз қазақстандық компания болып есептелетін ұжым осы ауданда тіркелген. Инвестицияның 70 пайыздық үлесі өз еліміздікі. Ал, 30 пайыздық үлесіне Түркия, Германия және Нидерланды мемлекеттерінің шетелдік компаниялары еніп отыр. Жоба 2017 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Күн сайын 100 МВт электр қуаты өндіріледі деп болжануда. Мемлекеттік қолдау көрсетіліп, құрылысқа қажетті 300 гектар жер телімі бөлініп берілген.  Станцияға Германия мен Нидерландының осы заманғы озық үлгідегі құрал-жабдықтары қойылуда. Нысан толық қуатында жұмыс істей бастаған кезде тұрақты 70 жұмыс орны болады.
Мұнан соң «Ен Дала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Астана-өнім» акционерлік қоғамының егістік алқаптарында ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілерімен және селолық округ әкімдерімен кездескен өңір басшысы егіс жұмыстарын мамандардың пікірін ескере отырып, барынша ұйымшылдықпен әрі ұтымды жүргізуді тапсырды. Мұнан соң  «Астана-өнім» акционерлік қоғамының сүт кешенінде болды. Шаруашылықта 1691 тонна сүт сауылып, 13 тонна май, 32 тонна ірімшік, 80 тонна қымыз бен шұбат өндіріліпті.  Малшылардың да әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына дейін ойластырылған. 24 орындық жатақхана салыныпты. Жаңа егіс техникалары алынуда.
Өңір басшысы Қорғалжын ауданына қарасты Екпінді елді мекенінде де болды. Диқандармен жүздесуде ең алдымен, көктемгі егісті уақытылы аяқтауды тапсырды. Әзірге қол бөгеп тұрған кедергілер жоқ. Дала төсінде қызу еңбек. «Agro Export  LTD» және «Кең бидайық» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің егістік алқаптарында ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілері және селолық округ әкімдерімен кездескен өңір  басшысы көктемгі егістің қарқынымен егжей-тегжейлі танысты. Мұнан соң Сабынды елді мекеніндегі «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде салынған дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысты. Жантеке ауылындағы  мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы бойынша бой көтеріп жатқан бала бақшаның құрылыс жұмысына көңіл аударды.
Осы күні облыс әкімі Егіндікөл  ауданында да болды. Онда өңірдегі ірі шаруашылықтардың бірінен саналатын «Ушаков Агро» серіктестігінің егістік алқабында да селолық округ әкімдері мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің басын қосып, егісті сапалы әрі қысқа мерзім ішінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, жұмысшылардың айлығын көтеру мәселесіне де көңіл бөлді. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін инвестиция тарту қажеттігін алға тартты. Биылғы мерекелі жылы елді мекендердің келбетін жақсарту үшін абаттандыру жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.   
Жыл сайын бітік астық жинап отырған  «Ушаков Агро» серіктестігі әлеуметтік салаға баса көңіл бөлуде. Бұл жөнінде серіктестіктің бас директоры Бақтияр Ысқақов айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, қазір мұнда 205 бас ірі қара, 62 жылқы және 712 шошқа өсірілуде. Өткен жылы 36 тонна ет өндірілген. Биылғы жылы шаруашылық 14,5 мың гектарға дән сіңіруді межелеп отыр.  
Осы күні 45 түтіні бар Көркем ауылындағы негізгі мектеп те назардан тыс қалған жоқ. Білім ордасында 31 бала тәлім-тәрбие алуда. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген мектеп бүгінде жайнап тұр. Мектеп жанынан ашылған шағын орталық жұмыс істейді. Балалардың барлығы ыстық тамақпен қамтылған.  
Сапар соңында облыс әкімі аудан басшыларына жаңа жобалармен жұмыс істеуді, аудан орталығын абаттандыру, әлеуметтік және ауыл шаруашылығы саласын дамыту жөнінде нақты тапсырмалар беріп, маңызды  міндеттер жүктеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Целиноград, Қорғалжын, Егіндікөл аудандары.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар