Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастарды ұлтжанды етіп тәрбиелеу – ортақ парызымыз  - АРҚА АЖАРЫ

Жастарды ұлтжанды етіп тәрбиелеу – ортақ парызымыз 

Кез-келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты – Ата заңы. Осыдан 27 жыл бұрын бүкіл халықтық референдумда кең байтақ Қазақстанның көп ұлтты халқы өзінің егемендік құқығын барша әлемге паш етіп, көптеген елдермен терезесі тең, іргетасы мықты демократиялық жолмен дамып келе жатқан мемлекет екендігін танытты. Сөйтіп, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Ата заңы өмірге келді.

Тоғыз бөлім мен тоқсан сегіз баптан тұратын Ата Заңның алғашқы бабы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп басталады. Бұл мемлекетімізде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының өте жоғары дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығының айқын дәлелі.

Еліміздің Ата Заңы халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына, адамзат ғаламына «Қазақстан» деген мемлекет бар екенін паш еткен ерекше құжат. Ата заңымыздың өзгешелігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз дамуының мемлекеттік тұғырын, басқару тәсілін, билік тармақтарын бекітіп, «байырғы қазақ жерінде мемлекет құрылғанын» жария етті. Конституция бізге, адамдық қадір-қасиетімізге қол сұғылмауына, тіліміз бен дініміздің дамуына, ар-ождан бостандығын қорғауға, адал еңбегімізбен тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға кепілдік береді. Сондықтан, құқықтық мемлекет, заңның жоғарғы мәртебелілігі, Конституцияның мызғымас беріктігі, ұлттық идеологияның негізі және түп қазығы екенін мойындауымыз керек.

Қазақстан Республикасының Конституциясы қазіргі кезеңде қазақ елінің бірден бір мызғымас бірлігінің символы және оның заңдық тұрғыдан алғандағы құқықтық қамтамасыз етуші құжаты болып отыр.

Биыл да 30 тамызда осынау Ата Заңымыздың абыройын асқақтатар мереке еліміздің барлық өңірінде аталып өтті.Мереке қарсаңында Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында«Ата заңым айқын, болашағым жарқын»атты  тарихи вираж  ұйымдастырылды. Шараның мақсатыоқырмандарға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.Құқықтық сауаттылықтарын жетілдіру,  Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу болып табылды.

Отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелеу мақсатындатарихи виражға өнегелі сөздері   жас ұрпаққа жігер сыйлайтын Ақмола облысы бойынша Қарулы Күштер ардагерлерінің төрағасы, Абай Мырзахметов атындағы университетінің әскери кафедрасының басшысының орынбасары  Жанат Ережепов, Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Жетпісқалиев арнайы шақырылды.

Серік Сапарұлы  оқырмандарды мереке күнімен құттықтап, ата  заң баптарына тоқталды. Курсанттарға соңғыуақытта жазылған жыр-толғаулары мен эпостолярлық повесі, қысқа әңгімелері мен мысалдары, этюдтары жинақталған  «Тасқайрақ» кітабын табыстап,  патриоттық рух, жігер беретін өлең жолдарын оқып берді. Жастайынан кітап оқуға құмар,  ең жас  белсенді оқырмандар Қалымова Айсана мен Боромбай Жангелдіге ақмолалық қаламгерлердің жазған өлеңдері мен әңгімелері жинақталған «Балаларға базарлық» атты кітабын сыйға тартты. 5 маусымда өткен референдумда ел азаматтарының 77 пайыздан астамы қолдаған Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген түзетулер жайлы Жанат Малғаждарұлы ақпарат берді.

Жастардың Ата Заңның қалыптасу тарихының кезеңдері мен Конституцияның сипаты, маңызы туралы білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, оларды өз құқығы мен міндеттерін білуге, Ата Заңымызды, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеуге баулу мақсатында «Ата Заң – мемлекет дамуының іргетасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдерде қазақтың жазылмаған дала заңына бағынғаны белгілі. Дала ережелері қағазға түспесе де білікті, зерделі, беделді адамдардың, ақсақалдардың аузынан көпке тарап, ғасырлар көшіне ілесіп, жалғасып отырған. Осыған орай, көрмеге «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен шығарылған «Қазақтың ата заңдары» 10 томдық құжаттар, С.Табанов пен А.Оразованың «Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы Ата Заңдарының (Конституцияларының) тарихи-құқықтық сабақтастығы», Өмірәлі Қопабаевтың «Ата Заң – мемлекет дамуының іргетасы» атты еңбектері, қолданыстағы Конституция, деректер және зерттеулер, кітаптар қойылды. Оқырмандар, сонымен қатар  мерзімді басылымдарда жарияланған тың деректермен таныса алды.

Ал, оқу залына жиналған  жас оқырмандар менҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары іс-шараны ҚРӘнұранымен бастап, дайындап келген Ата заң туралы тақпақтарын мәнерлеп оқып берді. Ата заң баптары бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Әрбір адамның, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың ел Конституциясына деген құрметін, ізетін арттыру – бәрімізге ортақ міндет. Ендеше, осы бір ортақ міндетті орындауда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білу баршамызға міндет. Алдағы уақытта да кітапхана қызметінде Ата Заң туралы жастарға толыққанды ақпарат беру іс-шаралары өз жалғасын таба бермек.

 Бақытжан АЙДОСОВА,
Көкшетау орталық қалалық балалар  және жасөспірімдер үлгілі
 кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар