Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңірлердің дамуына игі ықпалын тигізуде - АРҚА АЖАРЫ

Өңірлердің дамуына игі ықпалын тигізуде

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалығымен өткізілген партиялық бақылау комиссиясының отырысында бірқатар аудандық филиалдардың атқарған жұмыстары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы есептері тыңдалды.

Комиссия жұмысына  облыстық мәслихат депутаты Павел Безвербный төрағалық етті.  Алғашқы болып Бұланды аудандық мәслихаты «Нұр Отан» партиясы фракциясының  жетекшісі Бектас Қажақанов  баяндама жасады. Оның айтуынша,     депутаттар жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыс орнатып, аудан қаржысының тиімді жұмсалуын қадағалайды. Сонымен бірге, халық қалаулылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап,  олардың 37 өтініш-тілегін тыңдап, 29 мәселенің нақты шешімін қарастырған. Өтініш айтушылар негізінен ауыз су,  жұмысқа орналасу,  науқастарды тегін дәрімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүгінеді екен.
Ал, «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Нұрымова  мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқаратын партия мүшелерінің салалық бағдарламаларды жүзеге асырудағы жұмысын талқылады.  Бүгінгі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облыс орталығында  бірнеше әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Мәселен,  «Көктем» шағын ауданында 280 балаға арналған балабақша, отыз пәтерлік үш тұрғын үй және  қырық бес пәтерлік тоғыз қабатты бір үйдің  құрылысы жүргізілуде. «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалының жұмыс тобы аталған нысандарды аралап, қаржының мақсатты жұмсалуы мен  құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысын қадағалады. Айта кетерлік жайт, жыл басында филиалдың жұмысы кешенді түрде тексеріліп,  айтылған барлық
сын-ескертпелер түзетілген. Ай сайынғы мүшелік жарналардың жүз пайыз жиналуын осы жұмыстың нәтижесі деп айтуға болады.
Отырыс барысында «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының бақылау-тексеру комиссиясының  төрайымы Галина Марченкова аймақтық филиалдарда 2015 және 2016 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген тексерістер жөнінде  есеп берді.  Аталған уақыт ішінде партия  қатарына 11582  адам қабылданған. Алайда, тексеріс нәтижесінде 6448 азаматқа мүшелік билеттер тапсырылмағаны анықталды. Барлық аудан филиалдары бастауыш партия ұйымдарының   арнайы папкалары дұрыс толтырылғанын айта кеткеніміз жөн.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар