Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбегі елге өнеге - АРҚА АЖАРЫ

Еңбегі елге өнеге

Алдыңғы толқын ағалардың табаны тастан таймаған тарланбоздай күнді түнге, түнді күнге ұластырған ерен еңбектерін кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етіп айтудың маңызы зор. Қоғам байлығын еселеуге жатпай-тұрмай үлес қосып, бар саналы ғұмырын адал еңбекке арнаған абзал азаматтардың бірі –  Әбсемет Хамзаұлы.

 

Целиноград қаласындағы Жамбыл атындағы №4 қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін, Саран қаласындағы тау-кен өндірісі мектебінде білім алды. Жігер оты жалын атқан жас еңбек жолын осы қаладағы №101 және №105 шахталарында бастады.
Еңбек ете жүріп білім алуды да алда мақсат етіп қойған ол Қарағанды тау-кен техникумына 1957 жылы оқуға түсті.  Әйтсе де, отбасының жағдайына байланыс-ты білім алуды жалғастыру  қиынға соқты. Сөйтіп, қайтадан көзі қаныққан, қолы машықтанған қара жұмыстың бейнетпен келетін дәмін татуына тура келді. Целиноград насос зауытының құю цехында от жалынның ортасында маңдайынан тері тамшылап еңбек етті. 1963 жылы  Целиноград машина жасау техникумын өндірістен қол үзбей оқып, білімін толықтырды. Міне, осы кезден бастап Әбсемет Хамзаұлының  қызметтегі қияпат еңбекпен өрілген  ғұмыр дастаны басталады. Өз бойындағы тапсырылған іске деген жауапкершілігін, алғырлығы мен ілкімділігін көрсете білген, келешегінен мол үміт күттіретін ол техник-технолог, механикаландырылған жинақтау цехы басшысының орынбасары тәрізді қызмет жолдарынан өтті. Арада бірер жыл өткен соң  Целиноград қаласындағы инженерлік құрылыс институтын бітіріп, инженер-механик  мамандығына ие болды.  1972 жылы осы қаладағы өндірістік көлік басқармасының бас механигі болып тағайындалды. Одан кейін жолаушылар тасымалдау басқармасында бас инженер болып қызмет істеді.
Қым-қуыт істің көзін білетін, ұжымды тиімді әрі ынтымақты еңбек етуге  жұмылдыра алатын қабілет-қарымы басшылардың назарына түсіп, 1986 жылы Жезқазған жолаушылар тасымалдау  басқармасының басшысы болып тағайындалды. Міне, осы кезде кейін ел аузында аңыз болып айтылатын қыруар жұмыстарды жүзеге асырды. Бұл арада ең басты айта кететін дүние, кейіпкеріміздің бойындағы талапшылдық, адалдық қасиеттері еді.
1993 жылы туған қаласына қайта оралып, әуел бастағысын жалғастырды. Осы жерде зейнет демалысына шықты. Онда да қарап отырған жоқ. Қосалқы шаруашылықпен айналысты. Ұзақ жылғы жинақтаған тәжірибесін кейінгі мамандарға үйретуден бас тартып көрген емес. Адал тілегінің орындалғаны болар, перзенттері де өзіне тартқан ел қамын ойлайтын, жұрт жайын жадынан шығармайтын білімді әрі білікті болып өсті. Ендігі арадағы тілеуі де солар. Бәлкім, адам баласының  мына ғұмырдан іздейтін бақыты да сол шығар. Өған көп нәрсе керек емес қой.
Б.ҚАЙЫРЛИН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар