Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының тұрғыны ауласында қарасора өсіріп, есірткі жасаған - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының тұрғыны ауласында қарасора өсіріп, есірткі жасаған

– Ақмола облысының тұрғыны үй ауласында қарасора өсіріп, одан есірткі жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйектің 14-інде облыс аумағында жүргізілген «Қарасора-2022» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Целиноград ауданындағы Жаңаесіл ауылының 49 жастағы тұрғыны үй ауласында қарасора өсіргені анықталды.

«Үй ауласында өсіп тұрған, құрамында есірткі бар 30-ға жуық шөп табылып тәркіленді. Сонымен бірге, шаруашылық құрылыстардан 20 литрлік ыдысқа, 2 құтыға және 1 пакетке салынған сұр-жасыл түсті өсімдік тектес зат алынды. Тәркіленген зат есірткінің марихуана түрі болып саналады», — деді ведомстводан.

Полиция анықтағандай, ер адам қарасораны биылғы жылдың көктемінде үй ауласына отырғызған. Өсірілген қарасораны есірткі жасау үшін шикізат ретінде пайдаланған, ал кейін өзі де тұтынған.

«Қазіргі кезде осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі (есірткі заттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Сараптама тағайындалды», — деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетсек, Көкшетауда кәсіпорын қызметкері 240 аккумуляторды заңсыз сатып жіберген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар