Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлаушылармен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

Сайлаушылармен кездесті

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Ғалым Бекмағамбетов №58 сайлау учаскесінің құрамына кіретін Бірлік шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, көпшіліктің толғандырған сауалдарына ден қойды.

Бұл жолғы кездесу барысында халық қалаулысы сайлаушылармен бірге осындағы №22 негізгі мектептің ауласына ағаш отырғызу шарасына да қатысты. Осымен екінші рет дәстүрлі түрде өткізіліп отырған көгалдандыру шарасының арқасында білім ошағының маңайы одан са-йын көз тартып, тұрғындардың көзқуанышына айналғанын айта кеткеніміз жөн.  Мектеп директоры Баян Сәрсембаева облыстық мәслихат депутаты Ғалым Бекмағамбетовке шағын ауданда қордаланып қалған  мәселелер жайлы баяндап, бертін құрылған ақсақалдар кеңесінің елдік істерге белсене араласып жатқанын тілге тиек етті. Өз кезегінде халық қалаулысы атқарушы билік тарапынан Достық, Жазира, тағы бірнеше көшелерді жөндеу және  абаттандыру, аялдама павильондарын жаңарту мәселелері қаралып жатқанын, оның бірқатары жуық арада шешім табатынын айтты. Айталық, алдағы маусым айында мұнда спорт алаңы жасалып, қажетті құралдармен жабдықталмақшы.
Қазіргі таңда тұрғындарды алаңдатып отырған мәселелердің бірі – тұрмыстық қалдықтардың уақытылы сыртқа шығарылмауы болып отыр. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің ұсынысымен екінші жыл қатарынан халық қоқысты полиэтилен қапшықтарына жинап, оларды «Тазалық» мекемесі аптасына бір рет әкетіп отырады екен. Алайда, кей кездері оның мерзімі бір емес, бірнеше аптаға созыла түсетін көрінеді. Нәтижесінде ауыл қоқысқа толып кетеді. Осы орайда, тұрғындар «Көкше Жәрдем» мекемесіне зор үміт артып отыр. Қала әкімінің келісімімен бұрын қолданыста болған бедер тастарды Бірлік көшелеріне пайдалану туралы шешім шығарылды. Қауырт жұмысқа қарамастан, аталмыш мекеме осы істің барысын өз бақылауына алмақшы. Бұған қоса, ескіріп қалған аялдама павильондары да жаңартылатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар