Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовке - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовке

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Қазіргі уақытта елді ақпаратпен қамтамасыз етудің мәні мен маңызы арта түсіп отырған шақта менің атыма Ақмола облысы Сандықтау ауданының тұрғындарынан хат келіп түсті. Облыс орталығы Көкшетау қаласынан жүз шақырым ғана қашықтықта жатқан аудан халқы 1996 жылдан бері радиохабарынсыз қалып келеді. Аудан халқы елімізде болып жатқан жаңалықтарды, ішкі және сыртқы саясат мәселелерінен бейхабар қалып жататындығын және  қысқы уақытта ауа райының күрт нашарлауына байланысты төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында арнайы хабар берудің өзі мүмкін болмай отырғандығын қынжыла жазады.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстанның  шекаралық аймақтарының елді мекендерін де жергілікті радиохабарларымен қамтамасыз етудің өзекті мәселесіне де назар аудару қажет деп санаймыз. Өйткені, Қазақстанның 129 елді мекені Ресей Федерациясының, 393 елді мекені  Өзбекстанның, 35 елді мекені Қырғызстанның, 24 елді мекені Қытайдың радиохабарларымен  қамтылып отыр.
Сонымен бірге, мемлекеттік радиохабарларымен, соның ішінде 29 аудан орталығы, 6 шағын қала, 100 мыңға тарта халқы бар 63 қала, әрқайсысында кем дегенде 5000 халқы бар 6879 ауыл «Қазақ радиосының»,  112 аудан орталығы, 17 шағын қала, 100 мыңға тарта халқы бар 43 қала, әрқайсысында кем дегенде 5000 халқы бар 4937 ауыл «Шалқар» радиохабарларымен мүлдем қамтылмай қалып отыр.
Сіздің назарыңызды осы өзекті мәселеге аудара отырып, алдағы уақытта еліміздің барлық елді мекендерін өз еліміздің радиохабарларымен қамтамасыз ету мәселесіне Үкімет тарапынан айрықша көңіл бөлінуін сұраймын.

Сенат депутаты Жабал ЕРҒАЛИЕВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар