Үздік педагогтар марапатталды

Мұғалімдер күнінің кәсіби мерекесі қарсаңында үздіктердің үздіктері ведомстволық марапаттарға, алғыс хаттарға ие болды. Зеренді өңірінде өткен «Рақмет сізге, ұстаз!» іс-шарасында сөйлеген құттықтау сөзінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мұғалімдердің білім саласындағы жетістіктерін атап өтті.

–Сіздердің қажырлы еңбегіңіздің арқасында қазақстандықтардың жаңа ұрпақтары табысқа жетіп, өз Отанының нағыз патриоттары болып өсуде. Біз сіздердің кәсіби шеберлігіңіздің және оқу-тәрбие процесіне қажырлы үлес қосқаныңыздың дәлелі болып табылатын балаларымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз. Сіздер өздеріңіздің адалдығыңызбен, қажымас еңбегіңізбен және үнемі шығармашылық ізденісіңізбен ертеңгі күннің негізін қалайсыздар. Мамандыққа берілгендіктеріңіз және балаларымызға қамқорлық жасағандарыңыз үшін рахмет! Барлық мұғалімдерге денсаулық, бақыт, сарқылмас қуат және шығармашылық өсу тілеймін!, – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Білім беру жүйесіндегі көп жылғы адал және нәтижелі еңбегі, білім беру процесін ұйымдастырудағы жоғары кәсіби шеберлігі үшін «Ыбырай Алтынсарин», «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, ҚР Оқу-ағарту министрінің құрметті дипломдарымен, «Педагогтің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін»және«Педагогтің адал еңбегі үшін» ақшалай сертификаттарымен облыс әкімінің алғыс хаттарымен, «Discovery-Borovoe» сауықтыру-ойын-сауық орталығына демалуға арналған жолдамалармен Ақмола облысының 32 педагогы марапатталды.

Марапатталғандар қатарында Щучинск қаласындағы дарынды балаларына арналған ITлицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуаныш Мырзагелдина да бар. Оның айтуынша, бүгінгі алғыс -оның 34 жылдағы жұмысының қорытындысы.

–Мұғалім балалар үшін өмір сүреді және олардың ертеңгі бақытты болашағы үшін жұмыс істейді. Күн сайын аса маңызды миссияны орындайды. Қазақстан азаматын, патриотын тәрбиелейді. Көп рахмет! Барлық әріптестерімді осы тамаша мерекемен құттықтаймын, – деді Қуаныш Мырзагелдина.

Бүгінде мемлекет олардың дамуына барлық жағдай жасап, қолдау көрсетуде.Айта кетейік, алтыншы жыл қатарынан Ақмола облысында педагог кадрларды тарту үшін облыс бюджетінен гранттар бөлінуде. Бүгінгі таңда ол бойынша 400-ге жуық адам оқиды. Биыл өңірге 450-ге жуық жас маман келді.Ауылдық жерлерде жұмыс істеу үшін педагогтарды тартудағы ынталандырулардың бірі – «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы. Биыл 146 маманға тұрғын үй сатып алуға несие беріліп, 325 маманға көтерме несие берілді.Өткен жылы алғаш рет 10 мыңнан астам ауыл мұғалімдеріне коммуналдық қызметтер бойынша өтемақы төленді.

Шарада енгізілген ауыл әкімдерінің рейтингіне сәйкес мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін Бұлақ, Зеренді, Қызылсая, Троицк, Викторовка, Садовый, Шағалалы, Қонысбай округтері мен Сәкен Сейфуллин және Қанай би атындағы округтердің әкімдіктеріне жеңіл көліктің кілті табыс етілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар