Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіподақ мүшелеріне құрмет көрсетілді - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіподақ мүшелеріне құрмет көрсетілді

Көкшетау қаласындағы «Достық» үйінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазановтың қатысуымен Қазақстан кәсіподақтары күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары сөз сөйлеп, ұйым мүшелеріне кәсіподақтың «Еңбек озаты», «Еңбек ардагері» медальдары мен облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етіп, жылы лебізін білдірді.

Кәсіподақ – қашанда жұмыс істейтін халықтың еңбек және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін қорғайтын ұйым. Қызметшілердің мүдделерін қорғау, құқықтарының сақталуын қоғамдық түрде бақылау, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау – ұйымның басты міндеттері болып саналады. Бүгінгі таңда біздің облыста кәсіподақтар қатарында 74 мыңнан астам адам бар.

– Кәсіподақ – азаматтық қоғамның негізгі институттарының бірі болып табылады. Оның негізгі мақсаты қызметтердің, әлеуметтік әріптестіктің рөлін аттыру, құрылымды диалогты дамыту және еңбек дауларының алдын-алу болып табылады. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандықпен толағай табыс тілеймін. Еліміздің игілігі жолындағы жаңа жетістіктерге жете беріңіздер,– деді өңір басшысының орынбасары Елдос Рамазанов өзінің құттықтау сөзінде.

Ақмола облысының кәсіподақтары өз қызметін кәсіподақтар федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Жиын барысында «Ақмола облысының Кәсіподақ орталығының жұмысы туралы» баяндамамен кәсіподақ орталығының төрағасы Қали Рахметов сөз сөйледі.Қазіргі таңда әсіресе білім, медицина салаларындағы кәсіподақ ұйымдарының қызметі көңіл қуантады. Мәселен, өткен жылдан бастап педагогтар қауымының коммуналдық төлемдерінің бір бөлігін кәсіподақ өз мойынына алған.

– Былтырдан бері кәсіподақтың сұранысымен және облыс әкімдігінің қолдауымен мұғалімдерге көп жылдан бері күрмеулі болған мәселе мұғалімдердің комуналдық төлемақысы төленді. Әр мұғалімге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленуде. Сондай-ақ, ұстаздарды сауықтандыру мәселесі де дұрыс жолға қойылды. Отандық демалыс орындарына 30,40 пайыз тіпті кейде 50 пайызын кәсіподақ төлейді, – деді Қали Рахметов.

Қарқынды дамып жатқан кәсподақ ұйымдарының қатарында   2020  жылы  құрылған «SENIM»  кәсіподағы екендігін баса айтқымыз келеді. Бүгінгі күні ұйым құрамында 9 мыңға жуық дәрігер бар. Пандемия кезінде кәсіподақ тарапынан ақ халаттыларға зор қолдау көрсетілген.

Салтанатты шара басында Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатына Ақмола облысының «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Серік Кәкенов, Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина, «КамАЗ Инжиниринг» кәсіпорнының кәсподақ төрағасы  Дмитрий Диковенко, Қорғалжын ауданы білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Нұрлан Тажин және тағы басқалары ие болды.

Сонымен қатар, «Еңбек озаты»медалімен Бұланды аудандық ауруханасының бас дәрігері Жанат Мусин, «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін»медалімен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымының төрағасыБейсенбай Әбдірахманов, салалық мәдениет спорт туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының негізгі қорды сақтау бөлімінің меңгерушісі Сәуле Башарова, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Гүлден Изанова марапатталды. Сондай-ақ, кәсіподақтың белсенді мүшелеріне «Кәсіподақ ардагері» медалі, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының құрметті грамотасы, «Ел құрметі» қоғамдық медалі және тағы басқа марапаттар табыс етілді.

Салтанатты жиын соңы концерттік бағдармаға ұласты.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі. 

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар