Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өзбекстанда электромобильдер шығарылады - АРҚА АЖАРЫ

Өзбекстанда электромобильдер шығарылады

– Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев алдағы екі жылда электромобильдердің танымал үлгілерін шығаруды жолға қойып, сервистік инфрақұрылымды кеңейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан басшысы электромобиль өнеркәсібін дамыту жобаларымен танысу барысында танымал үлгілерді шығару жолында тәжірибесі бар шетелдік компаниямен бірлескен кәсіпорын құру қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, электр тоғынан қуат алып жүретін көліктер тиісті инфрақұрылымның болуын талап ететіні атап өтілді. Қазір елде бар болғаны 50 зарядтау станциясы бар. Олар негізінен Ташкент пен Самарқанда орналасқан. Электрмен жүретін көліктерге қызмет көрсету орталықтары жоқ.

Осыған байланысты, алдағы екі жылда көлік тұрақтары, жанар-жағармай құю станциялары мен күре жолдарда 2 мың зарядтау станциясын орнату міндеті қойылды.

Бұл станциялар жер салығы, мүлік және пайда салығын жеңілдетеді. Зарядтау станциялары бар кәсіпкерлер электр энергиясын еркін бағамен сата алады.

Фото:president.uz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар