Ақмола облысында жоғалған екі балықшының біреуінің денесі табылды

 – Ақмола облысында суға батып кеткен екі балықшының біреуінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана су қоймасында балық аулау кезінде Теміртау қаласының 1972 және 1975 жылғы тұрғындары суға батып кетті. Іздестіру шараларына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ, балықшылардың таныстары тартылды. Бүгін құтқарушылар көлдің түбінен 47 жастағы балықшының денесін тапты. Ал 50 жастағы екінші балықшының денесі іздестіріліп жатыр», – деді Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысындағы су қоймасында жоғалып кеткен 2 балықшыны іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар