Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Автокөлік жолдарының сапалы салынуы – бақылауда - АРҚА АЖАРЫ

Автокөлік жолдарының сапалы салынуы – бақылауда

Біржан сал ауданының прокуратурасы автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезінде жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарының тарапынан мемлекеттік сатып алу және жол қозғалысы туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында Степняк қаласының жекелеген көшелерінде жолдарды жөндеу барысында жол жабынының шөгіп, бұзылуы, тегістеу қабатының қабыршақтануы, жол бөлігінде белгілердің екі көлбеу еңісінің,болмауы, соның салдарынан жауын-шашын түскеннен кейін жол бөлігінде су жиналады және жол жамылғысының болмауы түріндегі жол ақаулары анықталды.Осы  анықталған бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасы аудан әкімінің атына қадағалау актісін енгізді.Нәтижесінде аудан прокуратурасының ұсынуы бойынша жол берілген бұзушылықтар жойылды, ал, заңдылықты бұзуға жол берген кінәлі адамдар заңда белгіленген тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Біржан сал ауданының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар