Бір мыңға жуық мәдени іс-шара ұйымдастырылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова 25 қазан –Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар туралы тарқатып айтып берді. Сонымен қатар, жиын барысында Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нариман Әбдірахманов осы іс-шаралардың мән-маңызы туралы баяндады.                                                        

 – 2022 жылғы 16 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күні мәртебесін қайта қалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды.2009 жылға дейін ұлттық және мемлекеттік мереке ретіндебүкіл халықпен аталып, қоғамдық қолдауға ие болғанРеспублика күніҚазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралды, – деп бастады баяндамасын Нариман Әбдірахманов.

– Осы мерейлі мерекеге бір мыңға жуық іс-шара жоспарланған, оның 100-і ауқымды іс-шара. 25 қазан күні өңірде барлық орталық алаңдарда, саябақтар мен скверлерде халықтың барлық топтарын қамтуға және мерекеге жалпыхалықтық сипат беруге мүмкіндік туғызатын жаппай мерекелер, жәрмеңкелер, көрмелер, экспозициялар, концерттер және тағы басқа іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру жоспарлануда.

Сондай-ақ мереке қарсаңында,  өңірімізде бірқатар нысандардыңашылу салтанаты да өтеді. Мәселен, Бестөбе ауылының №2 орта мектебінде өлкетану мұражайы, Сандықтау ауданында екі 36 пәтерлі тұрғын үй және Балкашин ауылында «Урожай» стадионы сияқты 7 нысанның іске қосылуы, Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының, пошта бөлімшесінің, күрделі жөндеуден кейін фельдшерлік акушерлік пунктінің, Целиноград ауданы Қоянды ауылында медициналық орталықтың ашылуы және тағы басқа осындай айтулы оқиғалар орын алмақ.

Брифингте Республика күнін атап өту – әрбір қазақстандық үшін жаңа қазақстандық патриотизмді дамытудағы маңызы зор оқиға екендігін еске салған Ақмола облыстық мәдениет, архивтер, құжаттама басқармасының басшысы Айгүл БаубекқызыАқмола облысында жоспарға сәйкес Республика күніне орай 1000-ға жуық халықаралық, республикалық, өңіраралық деңгейдегі мәдени іс-шара ұйымдастырылатынын атап өтті.

– Республика күніне орай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен Моңғолия елінен Мункхаир Эрденобаатар, Эстония елінен Ханно Мьолдеркиви, Жапония елінен Янг Гонгуй сынды өнер майталмандарының жәнеАқмола облыстық филармониясының симфониялық оркестрінің қатысуымен «Опералық-симфониялық дирижерлау» шеберлік сыныбы, мемлекет қайраткері, ағартушы, лингвист-ғалым, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты аймақтық ақындар айтысы (Петропавл, Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар) ұйымдастырылмақ.

«Мұратымыз – Мәңгілік Ел!» атты өнер фестивалі, республикамыздың үздік театрларының қатысуымен театрлар фестивалі (Алматы, Қызылорда, Ақтау, Көкшетау), «Қазақстаным – мақтанышым!» балалар вокалды ұжымдарының облыстық фестивалі, «ТеАРТ Көкше» халықаралық театр фестивалі (Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Армения, Грузия), «Еңсесі биік Егемен Ел!»атты оқырмандар конференциясы,«Көкшем менің, саған арнадым!» жас ақындар поэзия кеші, «Мен елімді сүйемін» патриоттық әндер байқауы, «Туған елімді жырлаймын» аттыаймақтық ақындар мүшәйрасы өтеді.

Мемлекеттік және ұлттық мерекелерді сапалы дайындау үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлерімен, балетмейстерлерімен бірлесіп жұмыс жүргізілуде. «Тәуелсіздік тұғыры» бір актілі нео-балет спектаклі (қоюшы – біздің жерлесіміз, «Көкшетау» халықтық би ансамблінің түлегі, «Салтанат» мемлекеттік ансамблінің әртісі Алексей Ковалев), Алматы қаласынан келген театр режиссері, хореограф, балеттанушы Дамир Оразымбетовтың қатысуымен «Бастау» композициясы, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері, «Көкшетау» халықтық-хореографиялық ансамблінің жетекшісі Мадина Тілеулинаның жетекшілігімен «Мәңгілікке қадам» қойылымы дайындалуда.

Мінекей, біз жоғарыда санамалап өткен іс-шаралар мерекелік дата қарсаңында өткізілетін мыңға жуық іс-шаралардың бір парасы ғана.  Басты мақсат – елдігіміздің белгісі, тұғырымыздың айғағы айтулы мерекені жоғары деңгейде атап өту.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар