Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық мереке – ұлағатты ұғым - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық мереке – ұлағатты ұғым

 Отан – ұлы ұғым. Оның мән-мағынасы, қадір-қасиеті зор. Тарихыңмен сабақтас, жүрегіңмен үндес, ата-тегің тамырын жайған,  кіндік қаның тамған туған жердің орны бөлек қой қашанда. Әсіресе, ер азамат үшін еліңе адал қызмет ету, оның берік қалқаны, биік қамалы болу – абыройлы міндет.

   Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару мәселесін көтерді. Тәуелсіздіктің бастауы атанған айтулы күннің  ел тарихында маңызы зор екендігі анық. Бұл күн егемендік алып еңсемізді тіктеген, тәуелсіздігіміздің тұғырға қонған күні. Бұл құптарлық һәм қуанарлық шешім. Себебі, ел тарихы тамырымызбен сабақтас. Оны өскелең ұрпақ ұмытпауы һәм ұлықтауы керек.

 Ел іргесі айбынды әскерімен берік екендігі әлмисақтан белгілі. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары алдымен айбынды әскер құрылып, озық үлгідегі әскери техникамен, білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі жүзеге асып, күні бүгінге дейін бұл жүйелі жұмыс жалғасын табуда. Мемлекет тарапынан жылдан-жылға әскери қызметшілерге зор көңіл бөлінуде. Әскери борышын атқарып келген жастарды келісім-шарт негізінде қызметін жалғастыруға шақыру оң жолға қойылған. Келісім-шарт негізінде жұмыс істейтін сарбаздардың айлық жалақысы штаттық лауазымына байланысты қарастырылған. Бұдан басқа коммуналдық қызмет, қосымша төлемақы төленеді. Баспанасы жоқ әскери қызметшілерге ай сайын қосымша пәтерақысы беріледі.    Яғни, ел үшін еселі еңбек еткеннің еңбегі еш болмайды.

Иә, бүгінгі ел қалқаны болған айбынды әскер ел басына күн туған сәтте қырағылық танытып, қорған болуда. Елді әбігерге салған қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздік кезінде де әскери қызметшілердің еңбегі  көріне түсті. Таяуда Қостанай өңірінде болған өрт кезінде де біздің әскери қызметшілеріміз ерлік танытты. Яғни, елге қандайда бір қауіп-қатер төнген сәтте әскери қызметшілер қашанда алдыңғы шептен табылады. Осының барлығы әскери қызметшілердің өз істеріне аса жауапкершілікпен, зор ыждаһаттылықпен қарай білетіндігінің белгісі екендігі анық.

Республика күні – елдігіміздің, дербестігіміздің нышаны. Елім деп еміренген әрбір азамат үшін бұл айтулы мереке. Біз еліміздің гүлденуі жолында аянбай тер төгуге қашанда дайынбыз. Отан үшін от кешкен оғландардың, батыр бабаларымыздың ерлік жолдарын жалғастырып,  қайсар халықтың бүгінгі ұрпағы ретінде ел тыныштығын күзетіп, осы абыройлы міндет үддесінен шығуға бар күш-жігерімізді саламыз. Осы орайда, әр отбасына амандық, Отанымызға тыныштық тілеймін. Жеріміз гүлденіп, еліміз өркендей берсін!

Азамат СМАҒҰЛОВ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
«Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери
бөлімінің командирі,  полковник.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар