2022 жылғы 20 қарашада сағат 10:05-тегі жағдай бойынша астана, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы комиссиялар ұсынған деректерге сәйкес, тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 23,37 пайызы бюллетеньдер алды.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, Ақмола облысында келушілер саны-21,21 пайызды құрады.
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы қосымша ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12:05, 14:05, 16:05, 18:05 және 20:05-те ұсынылады.
Азаматтардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22:05-те ұсынылатын болады.