Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін қарашаның 20 Көкшетау қаласында «Көкшетау автобус паркі», «Сейнұр» және «Bus Kokshe» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің автобустары тұрғындарға тегін қызмет көрсетуде.
«Қала тұрғындары смартфондағы «INFOBUS» қосымшасы арқылы қалаішілік автобустардың маршруттарын бақылай алады. Сайлауда дауыс беремдеушілер бүгін кешкі сағат 20:00 дейін облыс орталығы бойынша жолаушылар тасымалымен айналысатын «Көкшетау автобус паркі», «Сейнұр» және «Bus Kokshe» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің автобустарымен тегін жүре алады», -деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанна Әбдірахманова.