Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ҰҚШҰ: қорытынды кездесу күрделі геосаяси қайшылықтар жағдайында өтіп жатыр - Қазақстан Президенті - АРҚА АЖАРЫ

ҰҚШҰ: қорытынды кездесу күрделі геосаяси қайшылықтар жағдайында өтіп жатыр – Қазақстан Президенті

– Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, кезектен тыс өткен Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтаған жиынға қатысушыларға алғыс айтты.

«Қазақстанның аймақтағы одақтастарымен және серіктестерімен арадағы достықты, тату көршілікті және өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты нығайту жөніндегі стратегиялық бағыты өзгермейтінін атап өткім келеді. Біз алдағы уақытта да сіздердің мемлекеттеріңізбен екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін сақтауға күш саламыз», – деді Президент.

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықтың түрлі бағытына қатысты еліміздің ұстанымын жеткізді. Ұйымға мүше елдер басшыларының қорытынды кездесуі күрделі геосаяси қайшылықтар мен бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер жағдайында өтіп жатқанын айтты.

«Халықаралық істерде күшейе түскен тұрақсыздық ҰҚШҰ кеңістігін де айналып өткен жоқ. Біздің аймақта бүкіл Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылыққа, қауіпсіздікке нұқсан келтіретін жанжалдар әлі де жалғасып жатыр. Мұндай жағдайда ашық, шынайы, конструктивті диалогты сақтау және дамыту өте маңызды. Бұл – күрделі дағдарыстар мен қайшылықтардан шығудың тиімді әрі оңтайлы жолы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент армян-әзербайжан қақтығысын дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған шараларды қолдады.

«Армения мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастың қалпына келуіне бәріміз де мүдделіміз. Ресей тарапының бітімгерлік әрекеттері армян-әзербайжан қақтығысын тек саяси-дипломатиялық жолмен шешуге және екі жақтың бейбіт келісімге қол қоюына мүмкіндік береді деп үміттенеміз», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға арнайы тоқталды.

«Бұл мемлекеттегі жағдайды реттеу жолдарын қарастыру – ҰҚШҰ-ның оңтүстік шекараларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі. Қазақстан осы елдің өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін Ауғанстан басшылығымен өзара ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті. Біз Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетіп келеміз», – деді Президент.

Мемлекет басшысы ұйым аясындағы іс-әрекетті одан әрі дамытуға байланысты бірқатар ұсыныс айтты. Соның ішінде ҰҚШҰ-ның бітімгерлік әлеуетін дамыту мәселесін жуық арадағы басымдық ретінде атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе армян тарапына және Никол Пашинянға ҰҚШҰ төрағасы ретіндегі табысты жұмысы үшін алғыс айтып, Беларусь Президенті Александр Лукашенконың 2023 жылы атқаратын төрағалығына сәттілік тіледі.

Жоспарланған ротация аясында мемлекеттер басшылары Қазақстан өкілі Иманғали Тасмағамбетовті 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл мерзімге ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындау туралы шешім қабылдады.

Фото: t.me/bort_01

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар