Ақмола облысының прокуратурасында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған Конституциялық заңының новеллалары талқыланды

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Ақмола облысы прокурорының орынбасары Ж.Б. Бердіқұловтың төрағалығымен «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Конституциялық заңының негізгі ережелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстел отырысына құқық қорғау, арнайы органдардың өкілдері, облыстың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрайымы, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылары қатысты.

Отырыс барысында «Прокуратура туралы» ҚР Конституциялық заңының негізгі ережелері, сондай-ақ ерекшеліктері талқыланды.
Іс-шараға қатысушылар атап өткендей, бұл заң, ең алдымен, прокуратура органдарының құзыретін, қызметін ұйымдастыру мен тәртібін белгілейді.

Атап айтқанда, бизнес мүдделерін қорғау мақсатында прокурорға мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар тарапынан олардың қызметіне араласқан жағдайларда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау құқығы берілді.

Жалпы, «Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңның қабылдануы прокурорлардың азаматтардың, мемлекеттің және шаруашылық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы құзыреті мен мүмкіндіктерін кеңейтетіні сөзсіз.
Бәріне белгілі, прокуратура органдарының жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі адам құқықтарын қорғау болып табылады.

Ақмола облысының прокуратура органдарымен облысымыздың 20 ауданында және 230 ауылдық округінде “Заң керуені” кең ауқымды айлық акциясы өтті. Осы акция барысында ақмолалықтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында прокурорлар қолданыстағы заңнама нормаларын, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтауды, оның ішінде заңсыз шерулерге (митингілерге) жол бермеу жөнінде түсініктемелер берді, қаржы пирамидаларынан және интернет-алаяқтықтан сақтық шараларын жеткізді. Прокуратура қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтарды олардың мәселелері бойынша жеке қабылдауды жүзеге асырды.

Басқарманың Ережесіне сәйкес, авторлық кітаптарды шығару және шығару оның қызметтеріне жатпайтындықтан бюджет қаражатын тиімді пайдаланбау факторы 2021 жылы “Рухани жаңғыру” іс-шарасы шеңберінде Қуаныш Оспан Ерғалиұлының авторлық туындыларымен 001 “Мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер” бағдарламасы бойынша 5 900,0 мың теңге сомаға 1000 данадан “Әнел” және “Төбел” кітаптарын шығару бойынша қызметтерді сатып алу болып табылады.
Сонымен қатар, автордың “Сот”, “Шизофрения”, “Өлең”, “Пәтерші”,
“Такси” сияқты жекелеген шығармалары “Рухани жаңғыру”бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес келмейтіні анықталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар