Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы желтоқсанның 1-нен бастап өңірде республикалық «Ақбөкен» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Акцияның алғашқы күні Зеренді ауданының Баратай мен Қызылсай ауылдарының арасында заңсыз елік атып алған браконьерлер қолға түсті.
Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 337-бабының 3-ші бөлігі «заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуальдық шешім қабылданады.