Құрметті полиция қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл атаулы күні Отан алдындағы мінсіз әрі адал қызметтеріңіз үшін зор алғысымды білдіріп, қазақстандықтардың қауіпсіздігі және тыныштығын қамтамасыз ету жолында жанын пида еткен ардагерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алуға рұқсат етіңіздер.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әр сөзінде халық ішкі істер органдарының қызметкерлерін қорғаушы ретінде танып, қажырлы еңбектерін көріп, өздерін қауіпсіз сезінулері тиіс екендігін екпін түсіре айтады. Қызметкердің халық алдында берген анты оларға үлкен жауапкершілік жүгін артады. Себебі, еліміздегі әр азаматтың денсаулығы мен өмірі мемлекеттің басты құндылығы болып табылады.
Соңғы 25 жыл ішінде республикамызда ішкі істер органдары қалыптасу кезеңдерін басынан өткеріп, материалдық және моральдық тұрғыда жетілді. Олар қоғамдық тәртіпті қорғап, қылмыстарды әшкерелеп, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау арқылы қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Бүгінде Ақмола облысының ішкі істер органында 3 мыңнан астам полицейлер қызметін абыроймен атқаруда.
Құрметті достар!
Тағы да сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің қиындығы мол қызметтеріңіздің ең басты мақсаты – ел сенімін ақтап, кәсіби міндеттеріңізді мүлтіксіз атқаруға тілектеспін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.
Құрметті Ақмола облысының полиция қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құқық қорғау саласының қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Сіздердің ерен еңбектеріңіз және жан жүректеріңіз қалаған мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін.
Әсіресе, ішкі істер органдарының ардагерлеріне деген ыстық ықыласымды жеткізгім келеді. Олардың атқарған мінсіз еңбегі жас ұрпақ үшін қашанда үлгі. Кәсібилігі жоғары, өз қызметтерін абыроймен атқарған жандарды біз әрдайым мақтан тұтамыз.
Полиция қызметкерлері одан әрі де қоғам мен мемлекеттің мүддесін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғай отыра, өздерінің азаматтық және қызметтік міндеттерін адал атқаратынына сенімдімін.
Сіздерге, жақындарыңыз бен туған-туыстарыңызға мықты денсаулық, ашық аспан, бақыт, Отанға қызмет ету жолында толымды табыстар тілеймін!
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.