Бурабай ауданының Щучинск қаласында өрт сөндіру автокөлігі үлгісіндегі аялдама ашылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, Ақмола облысында бұл өрт сөндіру машинасы үлгісіндегі жалғыз аялдама. Бұл аялдама тұрғындар мен қонақтарға өрт қауіпсіздігінің негізгі нормалары мен талаптарын түсіндіру бойынша ақпараттық көмек ретінде пайдалы болады.
Осылайша, өрт сөндірушілер Щучинск қаласының тұрғындарының назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелеріне аударғысы келді. Сондай-ақ, аялдамада құтқарушылар мен өрт сөндірушілер мамандығын қалай игеруге болатындығы туралы көрнекі ақпарат орналастырылған, Қазақстандағы жоғары білімі бар білікті офицерлерді даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны – М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша толық нұсқаулықтар да бар.
«Біздің жұмысымызға деген назарды осындай ерекше тапқырлық арқылы танытқандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Бұл республика бойынша өткен тренд. Сіздер Ақмола облысындағы өрт сөндіру автокөлігі үлгісіндегі аялдаманы орналастырған ең алғашқылардың бірісіздер. Бұл, әрине, біздің тұрғындардың назарын жеке қауіпсіздікке, мүліктің қауіпсіздігіне, балалардың, туыстарының және жақындарының қауіпсіздігіне назар аудару үшін. Бұл аялдамада адамдар өрт қауіпсіздігінің алдын алумен танысады. Бұл кез-келген тұрғын үшін қолжетімді профилактикалық жұмыстарды жүргізудің маңызды әдістерінің бірі», – деп атап өтті Департамент бастығы Нұрлан Атығаев.
Дереккөз: koksheinform.kz