Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаңтар оқиғасы бізге үлкен сабақ болды-мұғалім - АРҚА АЖАРЫ

Қаңтар оқиғасы бізге үлкен сабақ болды-мұғалім

Қалың қазақ жұртының қабырғасын қайыстырған қаралы Қаңтарды бастан өткергенімізге тұтас бір жыл толды. Жүздеген адамның жанын жалмаған сол қасіретті оқиға арам пиғылдардың астыртын әрекеті арқасында орын алғанын енді ұғынғандаймыз. Сол Қаңтардың хроникасын шолып шықсақ, біраз нәрсеге көзіміз жетеді.

Наразылық Маңғыстаудан басталғанын білеміз. Бейбіт халық 1 қаңтар күні Жаңаөзен әкімдігінің алдына жиылды, билікке бейнеүндеу жолдап, газ бағасын төмендетуді талап етті. Келесі күні наразы топтың қарасы азаймай, керісінше митингке қатысушылардың саны арта түсті. «Маңғыстаулықтарды қолдаймыз» деген ұранмен халық басқа облыстарда да бас көтерді. Осы шақта астыртын топтар өздерінің арам ниетін іске асыруға кірісті. Әлеуметтік желілердегі бүлікшілердің үндеулерін бәріміз көрдік, ұмытқан жоқпыз.

Билік халықтың талабын орындады, бірақ наразылық басыла қойған жоқ. Шерушілер саны отыз мыңнан асып кетті. Осы сәтте елдің шырқын бұзып, билікті күшпен басып алғысы келетін топтар халықты қалқан етіп, бұзақылыққа кірісті. Таяқ, арматура, сойыл, жанғыш заттармен қаруланған содырлар тәртіп сақшыларына соққы берді. Әуелде тек резеңке сойылмен ғана қаруланған тәртіп сақшылары қалың нөпірге тойтарыс бере алмады. Осылайша полиция бекеттері, аңшылық дүкендері, қару қоймалары тонала бастады. Бүлікшілер алаңға қару әкеліп жұртқа таратты.

5 қаңтар күні еліміздің бірнеше өңірінде бұзақылар келісіп алғандай бір сәтте маңызды нысандарға, әкімдіктерге шабуыл жасап, мемлекеттік ғимараттарды басып алды. Сол кездері желіде пайда болған бейнематериалдарды қарасақ, содырлардың әбден дайындалып, синхронды түрде әрекет еткенін байқауға болады. Қалың нөпірді қалқан еткен қылмыстық топтардың қимыл-қозғалысынан елімізде болып жатқан бүліктің бір орталықтан басқарылғанын көре аламыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев істі дер кезінде өз қолына алып, батыл қадам жасамағанда терактілер тұтас елді жалмап әкетер ме еді…
Қалың қазақ жұртының қабырғасын қайыстырған қаралы Қаңтарды бастан өткергенімізге тұтас бір жыл толды. Жүздеген адамның жанын жалмаған сол қасіретті оқиға арам пиғылдардың астыртын әрекеті арқасында орын алғанын енді ұғынғандаймыз.

Марат Багманов, мұғалім.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар