Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елді мекендердің басым бөлігінде жайылымдық жерлер жетіспейді - АРҚА АЖАРЫ

Елді мекендердің басым бөлігінде жайылымдық жерлер жетіспейді

Таяуда «AMANAT» партиясының Ақмола филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. Жиын барысында өңірдің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Отырыс барысында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Еркеш Әленов баяндама жасап, қаржының жеткіліксіз болғандығынан туындап отырған өңірімізде аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласында бірқатар мәселелерді алға тартты.

Биылғы жылы ауылшаруашылығын субсидиялауға 45,6 миллиард теңге бөлінетін болады. Жалпы, ағымдағы жылы қаражат тапшылығы шамамен 36 миллиард теңгені құрайды. Бүгінгі таңда тек 2022 жылға арналған субсидиялар бойынша берешектер 19 миллиард теңгеден асады. Оны өтеу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат қажет. Сонымен қатар, жиын барысында жайылымдық жер тапшылығыда айтылды. Ықылым заманнан бері тіршілік-тұр­мысы мал шаруашылығымен біте қайнас­қан ауыл қазағы үшін жайылым мәселесі қашан да көкейкесті. Оның жетіспеушілігін шешу үшін қазіргі таңда көптеген ауқымды істер қолға алынуда. Бұл игі істердің басым көпшілігі мал ба­ғылатын алқаптарды тиімді реттеуге және олардың инфрақұрылымын жақсартуға, жердің тозу процестерінің алдын алуға ба­ғытталған. Атап өтерлігі өңірімізде 558 мың гектар жайылымдық жер тапшы. Облысымыздың 605 елді мекенінің 441-інде жайылымдық жер тапшылығы орын алған.

Осыған орай, 800-ден астам пайшылар өздерінің наразылықтарын білдіріп, арыз-шағым жазған. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктердің даулары құрылтайшылардың дивидендтер төлеу, серіктестік құрамынан шығу, кепіл ретінде екінші деңгейдегі банктерге үлестерді заңсыз беру бойынша пайшылар алдындағы міндеттемелерін орындамауымен тікелей байланысты болып отыр.

Осы мәселеге байланысты жиын барысында жер иелері мен фермерлер, партияның аудандық филиалдарының өкілдері бейне-конференция арқылы сөз алып, жоғарыдағы көкейтесті жайларға үн қосты.

Қоғамдық кеңес мүшелері алдағы уақытта жиында  көтерілген өзекті мәселелердің барлығын қадағалап отыратын болып уағдаласты.

          Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретте: кеңес отырысынан көрініс.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар