Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Даулы мәселелер заңды білмеуден туындайды - АРҚА АЖАРЫ

Даулы мәселелер заңды білмеуден туындайды

Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы қалалық прокуратурамен және облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.

«Кәсіпкерлер құқын қорғау» тақырыбында өткен шарада қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Максим Шатковский хабарлама жасап, 2010 жылдан бері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары беретін рұқсат құжаттары 68-ге дейін қысқартылғанын, 21 лицензияланатын қызмет түрінің жиырмасы бойынша аталмыш мекеменің қорытындысын кәсіпкерлер алмайтынын атап өтті. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерліктің субъектілері өз жұмыстарын жүргізу үшін Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне барып жолығудың қажеті жоқ. Азаматтық қорғау саласында қолданылатын рұқсат тәртібін тек Комитет «Е-лицензиялау» wеb-порталы арқылы жүргізеді.
Биылғы жылы бақылау және қадағалаудың жаңа әдісі енгізілді. Оның жұмысы жалпылай бақылау қағидатынан кетуге бағытталып, оның орнына жаңа үлгілер және бақылау мен қадағалаудың әдістері кіргізілді. Жоспарлы тексеріс қысқартылып, бақылаудың ең қауіпті саласына тексеріс жүргізу үшін ерекше тәртіп орнатылды. Оның ішінде өрт қауіпсіздігі жүйесі мен тәуекелдік дәрежесі жоғары нысандар бар.
Тәуекелдік дәрежесін бағалау өлшеміне сәйкес, бақыланатын тәуекелдік дәрежесі жоғары нысандарға жалпы нысандар санының 20 пайызы жатқызылады. Бұған ірі өрт қаупі бар нысандар және өндірістік кәсіпорындар, көп адам келетін әлеуметтік саланың, білім мен денсаулық сақтау саласының нысандары, өрт қаупі жоғары ірі қоймалар кіреді.
Кәсіпкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту үшін кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті заңды бұзбаған субъектілерді тексерістен босату тәрізді марапаттау қағидатын қарастыратын тәуекелділік бағасының өлшемін жасады. Сондай-ақ, кәсіпкерлер үшін өрт қауіпсіздігі саласына мемлекеттік өрт бақылау тексерістерінің баламасы ретінде аудит енгізілді. Бақылау субъектісі мен сараптама ұйымының оң қорытындысын алған нысан үш жыл тексерістен босатылады.
Дөңгелек үстел барысында сөз сөйлеген Көкшетау қалалық прокуратурасының бөлім басшысы Бауыржан Мұқашев мұндай шара барлық мемлекеттік бақылаушы органдарда өткізіліп жатқанын, жергілікті кәсіпкерлердің проблемасын білу үшін жиі бас қосу қажеттігін атап өтті.
– Кәсіпкерлер өтініш айтып, қалалық прокуратура мен облыстық кәсіпкерлер палатасына жиі келеді. Даулы мәселелердің көбі заңнаманы түсінбегендіктен, оны дұрыс қолданбағандықтан туындайды. Соңғы кезде заңнамаға көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Кәсіпкерлік кодекс жұмыс істей бастады. Прокуратура органына түскен өтініштерге қарағанда, заң нормаларының бәрі дұрыс орындалып жатыр деп айту қиын. Кәсіпкерлердің құқы бұзылатыны рас. Бұл бағытта әкімшілік және тәртіптік жауапкершілік қарастырылған. Мемлекеттік бақылаушы органдар жауапқа тартылып, жазаланды. Соңғы кезде мұндай заңсыздықтың саны кеміді. Қазір кәсіпкерлер бізге кеңес алу үшін келеді. Кейбір бақылаушы органдар талаптарының заңдылығын сұрайды. Бізге облыстық кәсіпкерлер палатасы көмектеседі. Прокуратураға түскен өтініштер бойынша нақты тексеру жұмыстары жүргізіледі. Кінәлілер жазаланады. Бақылаушы органдар нысанды тексеру үшін бір ай бұрын ескертулері қажет. Бұл кәсіпкердің тексеріске дайындалуына мүмкіндік береді, – дейді бөлім басшысы.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Жанна Әбішева өз сөзінде мекемеге бизнесін ашуға ықпал етуден бастап құқын қорғау тәрізді әртүрлі мәселелер бойынша арыздар күн сайын түсетінін айтты. Биылғы жылы  мемлекеттік органдардың бес қаулысы заңсыз деп танылыпты. Кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылған. Бүгінгі таңда кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы дәнекер көпірге айналды. Дөңгелек үстел соңында кәсіпкерлердің сауалдарына тұшымды жауап қайтарылды.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар