Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында 58 медициналық нысан мен мектептер салынады - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында 58 медициналық нысан мен мектептер салынады

Вице-премьер  Алтай Көлгінов ұлттық жобаларды жүзеге асырудың барысымен танысты

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында «Фостерлік отбасылар», «Ауыл Аманаты», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Жайлы мектеп», дуалды оқыту бағдарламаларын жүзеге асырудың барысына назар аударды.  Вице-премьердің сапарында онымен облыс әкімі Ермек Маржықпаев бірге болды.

Вице-премьер Алтай Көлгінов Ақкөл ауданында балаларды қолдау орталығында болды, онда елде алғаш рет «Фостерлік отбасылар» кәсіби бала асырап алу отбасыларын құру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.

«Бұл – өте маңызды жоба және оны сапалы іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Біздің міндетіміз – балаларды әлеуметтендіру. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, отбасында тұрып тәрбиеленуі тиіс. Оқу-ағарту министрлігі тарапынан да, нормативтік базалар бойынша да қолдау көрсетілетін болады», деді вице-премьер Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Ақкөл аудандық ауруханасының қызметімен танысты. Ғимарат күрделі жөндеу мен жаңғыртуды қажет етеді. Ақмола облысында ұлттық жоба аясында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің (МСАК) 38 объектісі салынады, бірқатар ауданаралық ауруханада күрделі жөндеу мен жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында Көкшетау қаласында 630 орынға арналған көпбейінді облыстық аурухана салынады.

Жалпы, 2023-2025 жылдары ел өңірлерінде және шалғай ауылдарда 650 МСАК объектісі салынады. Биыл медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің 300-ден астам объектісінің құрылысы басталады, сондай-ақ 30-дан астам орталық аудандық ауруханада күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаралар «алтын сағат» қағидаты бойынша жергілікті жерлерде медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Көкшетау қаласында Алтай Көлгінов «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС базасында дуалды оқыту бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысты. Агротехникалық колледж студенттері өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында кәсіпорында кәсіби тәжірибеден өтіп, одан әрі жұмысқа орналасады. Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша дуалды оқыту нысаны 28 колледжде қолданылады, аталған технология бойынша 4 мыңнан астам студент білім алуда.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алтай Көлгінов сүт өнімдерін шығаратын «Гормолзавод» ЖШС-да болып, жобаның алғашқы қатысушыларымен кездесті. Бағдарлама аясында кәсіпорын шикізатты жобаға қатысушылардан сатып алады. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, 2023 жылы бағдарламаға қатысушыларды несиелеу үшін мемлекет тарапынан Ақмола облысына 1,2 миллиард теңге бөлінді, осы қаражат аясында ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда жаңа бизнес-жобаларды ашуға және қолданыстағы жобаларды кеңейтуге шамамен 250 несие беру жоспарлануда.

Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жоба 2023 жылдан бастап өңірлердің ерекшеліктері мен әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, барша ел төңірегінде кеңейтілетінін атап өтті. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Сондай-ақ, облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ақмола облысында 2023-2025 жылдары 26 500 оқушыға арналған 20 мектеп салу көзделген.

Жұмыс сапарының соңында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары әкімдері орынбасарларының, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, оқу-ағарту, ауыл шаруашылығы, мәдениет және спорт, ұлттық экономика вице-министрлерінің және т. б. қатысуымен кеңес өтті, онда әлеуметтік мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Бұған дейін вице-премьер Алтай Көлгінов Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында болды.

Вероника БУРДА,
Камила ӘБДІЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар