Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жасыл аймақ жайнай бермекші - АРҚА АЖАРЫ

Жасыл аймақ жайнай бермекші

Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2009 жылдан бері Шортанды кентінен Щучинск қаласына дейінгі Астана-Бурабай автобаны бойында ағаш көшеттері отырғызылып келеді. Бүгінгі таңда бұл аймақтағы жасыл желек әжептәуір бой көтеріп қалды.

Осы мақсатта біршама гектар алқап зерттеліп, Шортанды, Ақкөл, Бұланды және Бурабай аудандарында орналасқан жарамды алқаптың көлемі 1828,7 гектарды құрады. 2012 жылы қашықтығы 110 шақырым, ені 500 метр болатын Астана-Бурабай автобаны бойындағы бұл алқапқа ағаш көшеттері отырғызылды. Қазір жолдың екі жақ бойына отырғызылған 4500,0 мың дана әртүрлі ағаш көшеттері көздің жауын алады. Бұл жасыл желекті отырғызуға Ақмола облыстық әкімдігіне қарайтын «Ақкөл», «Отрадненский» және «Ұрымқай» орман шаруашылықтары атсалысты. Жалпы Астана-Щучинск автобаны бойындағы жасыл желекке 1,9 миллиард теңге бөлінді. Оның 347,3 миллион теңгесіне 174 арнайы техника сатып алынды. Бөлінген қаражат толық игерілді.
Бүгінгі таңда технология мен жобаға сәйкес, ағаштарды күту және өртке қарсы шаралар қолға алынуда. Бірінші кезең аяқталды. Қазір отырғызылған жасыл желек орман тәрізді өсіп келеді. Заңсыз ағаш кесу мен өртті болдырмау үшін бұл алқап күзетіледі. Сондай-ақ, жасыл желекті күту жұмыстары атқарылады. Астана жасыл желегін Ақкөл ауданы мен Щучинск-Бурабай курортты аймағының ағаштарымен қосу үшін жұмыстың екінші кезеңі басталды. Біз жарамды жер телімдерін анықтау үшін қосымша мың гектар алқапты зерттедік. Оның автобан бойындағы қашықтығы 30 шақырым, ені 250 метр болатын 747 гектар алқабы ағаш көшеттерін отырғызуға жарамды болып шықты. Бұл алқапқа «Ұрымқай», «Отрадненский», «Ақкөл» және «Кеңес» орман шаруашылықтары ағаш көшеттерін отырғызады. Осы бағытта дайындық жұмысы жүргізілуде.
Ағаш көшеттерін отырғызу үшін жердің жарамдылығы ескеріледі. Кейін тыңайтқыш қолдану арқылы екіжылдық қара пар жүйесі бойынша жұмыс жүргізіледі. Жасыл желек сұлбасымен жобалық-сметалық құжаттамасы жасалды. Ағаш көшеттері таңдалды. Экологиялық сараптама жүргізілді. Бүгінгі таңда жер телімдері алынып, жоғарыда аталған орман шаруашылықтарына бөлініп берілді. Шекараларын жасау жұмысы жүргізіліп, мемлекеттік актілер дайындалды. Сондай-ақ, қара пар жүйесі бойынша топырақ өңдеу үшін дайындық жұмысы ширатылуда. 747 гектар алқапқа ағаш көшеттері отырғызылғаннан кейін Астана қаласының жасыл белдеуіне «Бурабай» курортты аймағының ағаштары қосылады. Облыстық әкімдікке қарайтын орман шаруашылықтарында он бір қорық болса, үшеуі базистік. Қорықтардың жалпы көлемі 163 гектарды құрайды. Орман шаруашылықтарының қорықтарында жыл сайын 13 миллион дана біржылдық, екіжылдық және 76 мың дана үшжылдық ағаш көшеттері өсіріледі. Бұл Астана қаласының белдеуін жасыл желекпен орауға толығымен жетеді.
Әлібек ЖҮСІП,
облыстық табиғи ресурстар және табиғатты  
пайдалануды реттеу басқармасының
бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар