Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Экология министрлігі ақбөкендерді қолға үйрету жобасын қарастыруда - АРҚА АЖАРЫ

Экология министрлігі ақбөкендерді қолға үйрету жобасын қарастыруда

Демек, болашақта төрт түлікпен бірге киіктерді де асырау жоспарланып отыр. Ал, мамандар етін консервілеп, нарыққа шығарсақ, әлемнің ең озық мейрамханалары біздің бұл өнімге жаппай тапсырыс береді деген сенімде екен.

Ол үшін еліміз бойынша 1 800 бас киік арнайы орындарда ұсталады. Экологтардың пікірінше, бұл бір жағынан ақбөкендер жиі ауыратын жұқпалы пастереллез ауруынының себебін анықтап, алдын алуға мүмкіндік береді. Алайда, елімізге танымал зоологтар, Экология министрлігінің шенеуніктері көтерген бұл бастамамен келіспейді. Айтуларынша, киікті қолға үйрету мүмкін емес. Себебі, түз жануары кең атырапты жерлерде еркін жүруге машықтанған. Ал, шектелген аймақта өмір сүру олардың қырылуына әкеп соғуы ықтимал.

Әзірге киіктерді нақты ату-атпау туралы шешім шыққан жоқ. Қазір елімізде шамамен, 1,5 миллиондай киік бар. Ақмола облысында да киіктерге байланысты ғылыми жобаға 500-дің төңірегінде киік қарастырылған. Бірнеше жыл бұрын қырылуға шақ қалған жануарлардың популяциясы қазір қалпына келгені белгілі. Алдағы уақытта киіктер ғылыми зерттеу жүргізу үшін ғана аулануы мүмкін деген болжамдар айтылуда. Былтыр киіктің көбейіп кетуіне қатысты Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстарындағы шаруалар шу шығарған. Ақбөкендер егіс алқабын таптап, талай шаруаны шығынға батырған еді.

«Бетпақ дала киіктерінің популяциясы естеріңізде шығар. Онда пастереллезден 90 пайызы қырылып қалған еді. Осындай жағдайлардан киіктерді сақтап қалу керек. Егер пастереллез індетінен жаппай қырылатын болса, біздің питомниктерде өсіп жатқан киіктер жаппай вакцина алған  және аурулардың барлығына төтеп бере алатындай иммунитеті  мықты жағдайда болады», – дейді бұл ретте, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Комитетінің бас сарапшысы Асқар Әбдірахманов.

Айта кетейік, бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі елде 1815 бас киік ату жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын. Тиісті заң жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған және ол 7 ақпанға дейін қоғам талқысында болады.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар