Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады

Президентке осы жылдың қаңтар айындағы криминогендік ахуал туралы ақпарат берілді.

Министрдің мәліметіне сәйкес кешенді алдын алу шараларын жүзеге асыру нәтижесінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, ұрлық, бұзақылық, мал ұрлығы, сондай-ақ көшеде жасалған қылмыстар саны айтарлықтай азайған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа көші-қон жағдайы, ұйымдасқан және есірткі қылмыстарына қарсы шаралар, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарының нәтижелері жөнінде баяндалды.

Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған Президент бекіткен тұжырымдамасы аясында полиция қызметкерлерінің адалдығын тексеру (Integrity check) жөніндегі пилоттық жобаның алғашқы нәтижелері туралы есеп берді.

Министр шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстарының барысы жайында да айтты. Сондай-ақ қоғаммен бірлесе отырып, Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп жатқаны туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы азаматтық қоғам өкілдері мен журналистерге қарсы бағытталған заңға қайшы әрекеттерді және арандатушылықты әшкерелеу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Сонымен қатар Президент еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Дереккөз:  www.akorda.kz 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар