Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрылысқа назар аударылды - АРҚА АЖАРЫ

Құрылысқа назар аударылды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Теміржанов Щучинск қаласында болған жұмыс сапарының барысында  жаңадан салынып жатқан қос 75 пәтерлі тұрғын үй мен мектеп құрылысын аралап көрді.

Тұрғын үй құрылысының бас мердігері «Номад Строй ЭК» серіктестігі нысанды салуға  794,177 миллион теңге сомасында келісім-шартқа қол қойған. Мердігерлер үйдің қабырғасын қалап, су құбыры мен электр желісін жартылай  орнатқан. Дегенмен, қаржы тапшылығынан қазіргі уақытта  жұмыс қарқыны нашар. Құрылыста тас қалаушы болып еңбек ететін Серік Омаров 7 ай көлемінде айлық алмағанын, бұл  жөнінде прокуратураға хат жолдағанын айтты. Бұл орайда, Мұрат Теміржанов   қаржы мәселесін шешіп, жұмыс қарқынын жеделдету керектігін баса атап көрсетті.
Алдағы уақытта тұрғын үйдің маңайын абаттандыру жұмыстары да қолға алынып, тұрғындарға барынша қолайлы болу үшін барлық жағдайлар жасалынбақ. Елбасының тапсырмасына орай, мемлекеттік бағдарламада тұрғын үйге зәру жас отбасыларға баспананы  жеңілдікпен беру қарастырылған. Сондықтан, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынып жатқан мұндай құрылыстардың кедергісіз жүруінің маңызы зор.
Мұрат Теміржанов Щучинск қаласында 900 оқушыға арналған мектеп құрылысында да болды. Бұл құрылысқа бюджеттен 126,873 миллион теңге қаржы бөлінген. Аталған әлеуметтік нысанның ғимараты бой көтеріп, ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мектептегі 38 сыныпта  интербелсенді тақталар орнатылып, толықтай құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен бірге, сыртқы электр желісін тарту жұмыстары да атқарылып жатыр. Шілде айында мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шешімін таппай келе жатқан әлеуметтік мәселелердің қатарын сейілтіп, азаматтарға жайлы тұрғынжай сатып алудың негізгі тетігі болып отыр. Адамдардың тұрмыс деңгейі  жақсарса, еліміздің де өркендей түсері  анық.

Аққу ЖАҚСЫЛЫҚ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар