Біздің мемлекетіміздің кез-келген азаматы жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде немесе онымен мәмілелер жасасу кезінде өз құқықтарын тіркеу керек, себебі, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу міндетті рәсім болып табылады. Жылжымайтын мүлік объектілеріне жермен тығыз байланысты ғимараттар, жер учаскелері, құрылыстар және тағы басқалары жатады.
Жылжымайтын мүлікті тіркеуге өз құқықтарын тіркеу үшін көрсетілетін қызметтіалушылар «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ нотариатсыз мәмілелерге немесе нотариусқақұқықтарды электрондық тіркеуге жүгіне алады.
Электрондық тіркеу – бұл мәмілені нотариаттық куәландырғаннан кейін автоматты түрде бірыңғай нотариаттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне келіп түсетін құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу.
Бүгінгі күні жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеу кезінде, объектінің орналасқан жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының кез-келген нотариусына жүгінуге болады.
Электрондық тіркеу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені немесе төлемнен босатқаны үшін төленгені туралы растау құқықтық кадастрының ақпараттық жүйесіне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі, сондай-ақ, нотариаттық мәміле негізінде 2 сағат ішінде жеделдетілген тіркеуі көзделген.
Сондай-ақ, азаматтар тіркелген құқықтар туралы ақпараттыegov.kz порталында электрондық түрде ала алады.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы қызметкерлері мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жақсарту мақсатында мемлекет рәсімді оңайлатуға және мерзімдерді қысқартуға бағытталған барлық шараларды қабылдайды.
ДианаЖАХИНА,
Ақмола облысы әділет департаментінің жетекші маманы.