Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының XIX сессиясына қатысушылардың облыс тұрғындарына Үндеуі - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының XIX сессиясына қатысушылардың облыс тұрғындарына Үндеуі

Құрметті ақмолалықтар! Біз, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының XIX сессиясына қатысушылар, биылғы жылдың ерекшелігін – тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейлі кезең екендігін атай отырып, ежелгі қазақ жерінде бір тағдыр арқылы байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған жерлестеріміздің болашақ алдындағы қасиетті парызының маңыздылығын сезініп, Мәңгілік Ел идеясынан туындайтын елдік пен мемлекеттіліктің биік мүдделерін негізге ала отырып, баршаңызды қоғамдағы бейбітшілік пен этносаралық келісімді, бірлік пен тұтастықты одан әрі нығайтуға шақырамыз. Бүгін таңда дүние жүзін шарпып отырған дағдарыс туралы айта келіп Президент Н.Ә.Назарбаев «Жаһандық дағдарыс – тек қауіп қана емес, бұл жаңа мүмкіндіктер» деп атап көрсетті. Осынау жауапты кезеңде бірлікті сақтаудың аса маңызды екендігі, ел игілігі үшін аянбай, қажырлықпен еңбек ету керектігі белгілі. Сол себепті, Елбасы 100 нақты қадамнан тұратын Бес институттық реформа стратегиясын ұсынды. Осынау Ұлт жоспарын жүзеге асыру – жалпыға ортақ еңбек қоғамын орнатуға және әр азаматтың жоғары әлеуметтік жауапкершілігін үстем етуге мүмкіндік береді. Біз алға қойған міндеттерді ойдағыдай орындауға жалпыұлттық бірліктің және қоғамдық келісімнің арқасында, Мемлекет басшысының бірегей бейбітшілік пен келісім моделінің арқасында қол жеткізуге болаты- нына айрықша назар аударамыз. Бұл міндеттерді орын- дау – баршамызға және әр азаматқа қатысты екендігіне сенімдіміз. Сондықтан да, әрқайсымыз бастамашыл, білімді де білікті, бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуымыз керек. Бұл міндеттерді орындау – Отанымыздың әр патриотының азаматтық парызы, қоғам алдындағы асқан жауапкершілігі деп есептейміз, біз бір Үлкен ел – үлкен отбасы екендігімізді паш етеміз. Бұл міндеттерді орындауда Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлінің жыл сайын артып келе жатқандығы, оның беделін бүкіл өркениетті дүние жүзінің бағалап отырғандығы бізге ерекше шабыт береді. Таяуда ғана Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануы оның жоғары халықаралық абыройының мойындалуының, әлемдегі қауіпсіздікті нығайтуға және мемлекетаралық қатынастарға қосқан үлесінің айқын дәлелі болды. Н.Ә.Назарбаев өзінің «Әлем. XXI ғасыр» Манифесінде атап өткен этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында азаматтық институттар арқылы ізгі іс-қимылдарды нығайту, осы тұрғыда бейбітшілік сүйгіш қазақстандық тәжірибені ілгерілету қажеттігін біз бірауыздан қолдаймыз. Біз, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының XIX сессиясына қатысушылар, барлық ақмолалықтарды қоғамдық татулық, рухани келісім идеяларын қолдауға, қасиетті Отанымыз – Қазақстанда «Мәңгілік Ел» құру үшін бірігуге шақырамыз!

Көкшетау қаласы, 2016 жылдың 11 шілдесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар