Басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бері бағалар орта есеппен 2,2 пайызға өскен. Ал қарақұмық жармасының бағасы – 10,7 пайызға, 1 – сұрыпты нан-10,4 пайызға, қант-5,7 пайызға төмендеген.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа бағасы өсті, оның ішінде күріш – 11,9 пайыз, макарон – 7,2 пайыз, тауық еті – 0,9 пайыз, сүзбе – 5,9 пайыз, жұмыртқа – 4,7 пайыз, сары май – 7,8 пайыз, күнбағыс майы – 4,2 пайыз, қырыққабат – 9,1 пайыз, пияз-41,3 пайыз, сәбіз-0,8 пайыз. Бағаның өсуінің негізгі себептері шикізатқа, жемге, жанар-жағар майға, техникаға және оның қосалқы бөлшектеріне, жабдықтар мен жинақтауыштарға, сондай – ақ ветеринариялық препараттарға, премикстерге шығындардың ұлғаюына байланысты тауар өндірушілердің сату бағасының өсуі болып табылады», – деп атап өтті Ербол Оспанов.
Басқарма басшысы атап өткендей, облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.
«Бағаны тұрақтандыруға облыстық бюджеттен барлығы 4,2 млрд теңге, оның ішінде «айналым схемасына» – 3,7 миллиард теңге бөлінді. Жалпы, облыста 2992 тонна көлемінде тауарлар қоры бар, форвардтық шарттар шеңберінде 5275 тоннаға келісімшарт жасалды. Тауарларды сату 45 сауда нүктесі арқылы жүзеге асырылады. «Айналым схемасы» бойынша тауарлардың алты түрі (сүт, айран, сүзбе, сары май, қант) бойынша жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге займ берілді, сондай-ақ тауарлардың төрт түрі бойынша 912,5 миллион теңгеге (тауық еті, картоп, 1-сұрыпты ұн, күнбағыс майы) займ беру мақұлданды», – деп толықтырды Ербол Оспанов.
Айта кетсек, жыл басынан бері облыста тауар өндірушілермен және сауда объектілерімен бағаны тұрақтандыру туралы 859 келісімшарт жасалды, 51 жәрмеңке өткізілді, барлығы 49 миллион теңгенің тауары сатылды.
Бүгінгі күні тұрақтандыру қорында 1 сортты ұнның 1 кг – 210 теңгеге, күріш 1 кг – 340 теңгеге, қант 1 кг – 465 теңгеге, қарақұмық жармасы 1 кг – 465 теңгеге, макарон 1 кг – 286 теңгеге, күнбағыс майы 5 л – 4250 теңгеге, тұздың бумасы – 50 теңгеге, сарымасақ 1 кг – 172 теңгеге, картоп 1 кг – 120 теңгеге, сәбіз 1 кг – 90 теңгеден сатылуда.