Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өзі өндіріп, өзі өңдеп, саудаға шығарады - АРҚА АЖАРЫ

Өзі өндіріп, өзі өңдеп, саудаға шығарады

Нарық талабына сай көпшілік сұранымына ие тауарлар өндіріп отырған, жақсы табыс тауып, біраз адамды күнкөрістік жұмыспен қамтамасыз етіп келе жатқан кəсіпкерлер қай жерде де кездеседі. Жарқайың ауданындағы «Рассвет» шаруа қожалығының қожайыны Александр Маслов та сондай іскер кəсіпкерлердің бірі. Шаруа қожалығы биыл 1,5 мың гектар алқапқа мал азығы үшін екпе шөп, аздап дəнді дақыл септі. 100 ірі қара малы бар фермер тек егін шаруашылығымен ғана айналыспайды. Аудан орталығы Держа- винск қаласында шаруа қожалығының сүт өнімдерін шығаратын цехы бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Ресейлік құрылғылар орнатылған цехта тəулігіне бір тоннадай сүт жəне сүт өнімдері өндіріледі. Негізінен сары май, қаймақ, айран, сүзбе мен ірімшік шығарылады. Фермер өткен жылы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жеңілдетілген несие алып, 200 бас сиырға арналған тауарлы сүт фермасын салуда. Өз меншігіндегі сауын сиырлардың сүті цехты толық қамтымайтындықтан, тұрғындардан сүт сатып алады. Ал, тауарлы сүт ферма- сын ашу, соған орай мал басын көбейту сүт өнімдері цехын шикізатпен толық қамтамасыз етуге жағдай жасайтыны анық. Осы орайда, фермер мал тұқымын асылдандыруға да көңіл бөлмек. – Жұмысым өзіме ұнайды, ең бастысы жыл бойы істейтін тұрақты жұмысым бар, – дейді цехта оператор болып істейтін Алена Ефимкина. Тауарлы сүт фермасы ашылған кезде цех жұмысы да көбейіп, тəулігіне бес тоннаға дейін өнім өндірілмек. – Өндірілген өнімді сатуда еш кедергі жоқ, – дейді Александр Владимирович. Қала орталығында фермердің өз азық- түлік дүкені бар. Табиғи сүттен алынған сапалы жəне бағасы да біршама арзан өнімді сатып алуға ынталы адамдар аз емес. Дүкен сатушысы Марина Валерьева цехтан күн сайын 20 келі сары май, 200 литр сүт жəне айран жеткізілетінін, өнімдердің кешке дейін түгел сатылып жатқанын айтты. Сары майдың келісі 1500 теңге болса, сүттің литрі 250 теңгеден, сүзбе 400 теңгеден сатылуда. «Рассвет» шаруа қожалығы сондай-ақ, тен- дерге қатысып, қаладағы бірнеше мектеп пен бала бақшаны сүтпен қамтамасыз етіп отыр. Фермер Александр Масловтың болашаққа арналған жоспарлары да жетерлік. Малды асылдандыру жəне мал басын көбейтумен бірге алдағы жылы шұжық өнімдері цехын ашсам дейді. Ол үшін ет бағытындағы асыл тұқымды мал өсіру ойында бар. Мал өнімдеріне деген сұраныс жылдан жылға арта түсуде. Осындай болашағы зор салада өз кəсібін ашып, өнімді жұмыс істеп жатқан кəсіпкердің ертеңнен күтері де көп. Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар