Өнімі шет елге жөнелтіледі

Щучинск қаласындағы «Хоттей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сапалы əрі экологиялық жағынан таза өнімдеріне ішкі жəне сыртқы нарықта сұраныс көп.

Осы күні кəсіпорында тəулігіне 120 тонна бидай өңделіп, бірінші жəне екінші сортты ұн шығарылуда. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 500 тонна ұн мен 600 тонна кебек өндірілді. Өнім негізінен өз елімізбен бірге Ауғанстан, Түркіменстан, Тəжікстан жəне Өзбекстан елдеріне экспортталуда. Кəсіпорын 27 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік директоры Болатбек Абдрахмановтың айтуына қарағанда бидай өңдеп, ұн шығарумен ай- налысатын облыстағы 50 кəсіпорынның қатарына кіретін «Хоттей» ЖШС-нің ұны сапасы жағынан шетелдік өнімнен еш кем емес. Экологиялық жағынан таза. Сондықтан, сұраныс жоғары. Мұнда алдағы уақытта білікті мамандардың жəне жаңа жұмыс қолының көмегімен өндірісті ұлғайту көзделіп отыр.

Аслан ОСПАНОВ. Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар