Тұрғындар таза су ішеді

Дамса-Научный-Степной су құбыры бес мыңнан астам тұрғыны бар үш елді мекенді сумен қамтамасыз етеді. Үкіметтің шешімі бойынша бұл су жүйесі халықты сумен қамтамасыз етудің баламасыз көзі болып табылады.

Өйткені, бұл өңірде жер асты су қоры жоқ. Осыған орай, су құбырымен келетін судың санитарлық талаптарға сай болуы құзырлы органдарды ғана емес, осы өңірде тұратын барша жұртшылықты толғандыратын мəселе. « Ж о л к а р т а с ы » б а ғ д а р л а м а с ы шеңберінде 2010 жылы елді мекеннің ішінде тартылған құбырлар ауысты- рылып, жаңғыртылған еді. Ал, 2013 жылы Дамса селосында су тазартқыш блок іске қо сылды. Ха лықты ауыз сум е н қ а м т а м а с ы з е туд і м о й н ы н а алған «Шортанды-Су » мемлекеттік коммуналдық мекемесі жыл сайын су қоймасындағы суды тазартып отыра- ды. Дегенмен де, қоймадағы су толық т азартылмайтындықт ан, су с апасы санитарлық талап деңгейінен көріне бермейтін. О с ы ғ а н о р а й , б и ы л к ө к т е м д е коммуналдық қызмет бірқатар шаралар- ды жүзеге асырды. Атап айтқанда, су қоймасын арнайы техникалар арқылы толық тазалау жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ, қоймадан шығатын құбыр жаңартылып, полиэтилен құбырлар тартылды. Су тазалығын жақсарту мақсатында терең тазартқыш құрылғы орнатыл- ды. Жүргізілген о сы жұмыст ардың нəтижесінде қазіргі күні су құбыры а р қ ы л ы ж і б е р і л е т і н с у с а п а с ы санитарлық талапқа сай болып отыр. Осылайша жоғарыда аталған үш елді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуде.

Шортанды ауданы.

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар