Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Байырғы білім ордасында өзімізді ұстаздай сезіндік - АРҚА АЖАРЫ

Байырғы білім ордасында өзімізді ұстаздай сезіндік

Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өту білім алушылар үшін міндетті болып табылады. Ол оқу процесінің элементі ретінде студенттердің университетте алған білімдерін бекіту және кеңейту мақсатында жүзеге асырылады.

Білім алушының мамандық бойынша жұмыс істеуі үшін қажетті практикалық дағдыларды меңгеруі кейбір студенттерге тек қана бұл дағдыларды дамытып қана қоймай, өз мамандығын дұрыс таңдағанына көз жеткізу үшін де қажет. Сонымен қатар, тәжірибе барысында студенттер өздерінің қабілеттерін жаңа қырларынан аша алады. Мұндай тәжірибе студенттердің өзіндік жұмысын дамытуға ықпал етеді. Осы арқылы студенттер өздеріне жүктелген міндеттер аясында ақпаратты өз бетінше таңдап, жүйелеуді үйренеді. Бүгінгі таңда әлеуетті жұмыс берушілердің бірінші кезектегі қойып отырған талаптарының бірі – қызметкердің кәсіби құзыреттілігі.

Осыларды негізге ала отырып, соңғы бір ай аралығында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенттері Көкшетау қаласындағы әртүрлі мектептерде педагогикалық практикадан өтті. Соның ішінде КОК-204 тобының студенттері №6 мектеп-лицейінде практикадан өттік. Маған берілген 7 «Ә» сыныбы лицей сынып болды. Сынып ұжымында 25 оқушы оқиды. Сынып жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, әрі жетекші мұғалім Алмагүл Қадырбайқызы. Ол кісі өте білімді, жан-жақты ұстаз атты ұлағатты атқа лайық мұғалім екен. Осыған дейін де Көкшетаудың басқа мектептерінде практикада болдым. Дегенмен, бұл қабырғасы көне, ғимараты ескі мектептің білім сапасы өте жоғары, оқушылары білімге құштар болып шықты.

Университет тарапынан да жетекшілеріміз Нұргүл Смағұлова мен Таслима Берікбол мектепке келіп, ашық сабақтар мен сынып сағаттарына қатысып, студенттердің жіберген қателіктері мен сәтті өткізген сабақтарын талқылап отырды. Әр студент университет қабырғасында алған білімдерін іс жүзінде көрсетіп, тіл мен әдебиеттің әдістемесінен, тілдің салалары мен әдебиет теориясынан үйренген әдіс-тәсілдерді қолданып, заманауи түрде оқушыларды қызықтыра отырып, сабақтарын жоғары деңгейде өткізді.

Сыныпқа бақылау жүргізу барысында байқағаным, оқушылар мұғалімдерін сыйлайды. Бір-бірімен өте ұйымшыл. Барлық пәндерге белсенді қатысады. Шығармашылық жағынан барлық оқушылардың әр қырынан таланттарын көруге болады. Бірі өлең оқыса, енді бірі жүзу, домбыра тарту, би, сурет салу сынды үйірмелерге қатысады. Сыныптың ауызбіршілігі мықты. Қыздар ұлдарды, ұлдар қыздарды сыйлап, ұйымшылдықпен әрекет жасайды. Оқушылардың бәрі талантты, өз ойларын ашық білдіре алады.

Сыныптың топ басшысы – Алина Арыстан. Алинаның көшбасшылыққа қабілеті жоғары. Ол әр түрлі ғылыми жобалар мен олимпиадаларға қатысады. Мен Алинаны Алмагүл Қадырбайқызымен бірге М.Жұмабаевтың жобасына дайындадым. Басқа да белсенділігімен көзге түскен оқушыларды атап өткім келеді. Олар: Лаура, Жансая, Әмірхан, Жангелді, Айғаным. Бұл оқушылар гиперактивтігімен көзге түсті. Ал, шығармашылық жағынан Жанель, Самир, Темірлан, Нұртас, Әли, Зере, Нұрай, Малика, Айзере сияқты оқушылар бірі ерекше дауыс ырғағымен, енді бірі қолының шеберлігімен, ойының ұшқырлығымен ерекшеленді.

Мектеп оқушыларының деңгейі мұғалімдердің сіңірген еңбегінің жемісі, мектептің жеткен жетістігі болып саналады. Практикадан соң оқушылармен де, мұғаліммен де қимай қоштастық. Үйренгеніміз бен ойға түйгеніміз мол. Осы жолғы алған тәжірибемізді болашақта маман ретінде қолданатынымыз сөзсіз. Білім саласында жасалып жатқан бүгінгі жаңалықтардың бәрі, еліміздің білім деңгейін көтеруге оң әсер етері сөзсіз.

Мафтуна НАЖИЕВА,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 3-курс студенті.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар