Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне Целиноград ауданында белгісіз адамдар есірткі заттарын жасырып, кейін оны Көкшетау қаласына жеткізумен айналыстатынын хабарлап айтқан.
«2023 жылдың қаңтарында жедел уәкілдер 23 жастағы астаналық тұрғынды анықтады. Оны тінту барысында одан жалпы салмағы 29,95 грамм мефедрон психотроптық зат пен 30 «жасырып салулар», сондай-ақ ұялы телефон табылып, тәркіленді. Күдікті есірткі заттарын жасырып салған орындарды суретке түсіріп, геолокациясын белгілеп, кураторына егжей-тегжейлі есеп жасап, жіберіп отырған», – деді ведомстводан.
Ағымдағы жылдың 20 ақпанында сарапшының қорытындысы дайын болғаннан кейін жасырып салушы Қылмыстық процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталды.