Көктемнің алғашқы күнімен бірге келіп, жан жадыратып, жүрекке нұр сыйлайтын жарқын мерекеАлғыс айту күнін ақжарма көңілмен асыға күтеміз. Бұл мереке 2016 жылы 14 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай, Алғыс айту күні деп жарияланған болатын.
Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын бұл күн барлық қазақстандықтардың достығы, мейрімділігі мен ыстық ықыласының жарқын символы болып табылады. Азаматтардың бір-біріне сый-құрмет білдіретін күн. Бұл күні адамдар бір-біріне, ата-аналарына, балаларына алғыс айтып, бірге өткізген күндерін еске алып, достың, туыстың арасында жағымды жақсы қарым-қатынас орнатуға қадам жасайды.
Қазақ баяғы заманнан кеңпейілділігімен, жомарттығымен аты шыққан дана халық. Қазақстан сонау жылдарда тағдыр тәлкегіне ұшыраған талай ұлтты өз бауырына басып, өзім деп қабылдаған ел.
Тарихтың тереңіне үңілетін болсақ, Қазақстанның осындай көпұлтты болып қалыптасуына өзге ұлт өкілдерінің жер аударылып келуі мен бейбіт халықтың екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстан жеріне көшірілуі себеп болды. Қазіргі кезде біз бір мемлекет астында 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан елміз.
Қаламыздағы Достық үйінің жанынан ұйымдастырылған Ақмола облысы қолөнер шеберлер одағы біраз жылдардан бері жемісті жұмыс атқарып келеді. Бұл одақта әр түрлі ұлт өкілдері еңбектеніп, әрбір қолөнер шебері өзінің ұлттық өнерімен таныстырып, мектеп оқушыларына, студент жастарға шеберлік сабақтарын өткізіп тұрады.
Сонымен бірге, еліміздегі, облыстық, қалалық мерекелік іс-шараларға да белсене қатысып, қолөнер көрмелерін ұйымдастырып тұрамыз. Қазақәрқашан«кең болсаң, кем болмайсың» деген.Қазақ халқы сол дархан пейілінің, кеңпейіл мінезінің арқасында өзінің ғана емес, өзгеніңде көңілін тауып келеді. Кішіпейілділік, кешірімді болу, алғыс айта білу секілді қасиеттер бойымызға кеңінен дарыған.
Сондықтан да, көктемнің алғашқы күні Алғыс айту мерекесінде ең алдымен айналамыздағы адамдармен тату-тәтті, жақын болуымыз керек.
Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын жақсылық жасағысы келіп тұрады. Сөз соңында айтарым, еліміз аман, жұртымыз тыныш, әлемде бейбітшілік болсын!
Гүлбара НҰРҚАНОВА,
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы
жанындағы сәндік-қолданбалы
өнер шеберлері одағының төрайымы.