Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2023 жылдың 2-3 наурыз күндері Ақмола облысында «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ, азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру.

Оқу-жаттығуды басқару штабы Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Е.Әуелбеков көшесі 87 мекен-жайы бойынша Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті ғимаратында орналасады.

Байланыс телефоны: 8 (716-2) 55-14-82.

Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар