Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Тығырықтан жол тапқан» фильмі тәжірибелі шеберлердің қолынан шыққан - АРҚА АЖАРЫ

«Тығырықтан жол тапқан» фильмі тәжірибелі шеберлердің қолынан шыққан

Рүстем Әбдірашев, кинорежиссер:

– Мемлекет басшысы туралы «Тығырықтан жол тапқан» атты төртінші фильм басқа картиналардың логикалық жалғасы. Жаңа бөлім 1971 мен 1977 жылдар аралығын, Елбасының үлкен саясатқа аяқ басқан, Қарағанды металлургиялық зауытында партком хатшысы болып тағайындалған кезеңін қамтиды.

Кейбір үзінділерді біз Кремльдің маңында, Кремльдің өзінде, Ресей президентінің әкімшілігінде түсірдік. Елбасымыздың абырой-беделі арқасында Сусловпен кездесу және ОК отырыстары өткен кабинеттердің есігі біз үшін ашық болды.
Кезекті бөлімде басты рөлді танымал әртіс Нұрлан Әлімжанов сомдады, менің ойым-ша, аталмыш картинада Елбасының рөлін ойнау ол үшін оңайға соққан жоқ. Өйткені, фильмде басты кейіпкердің алаң бойынша серіктестерімен күрделі диалогтарға түсуі жиі ұшырасады. Нұрлан үшін бұл жақсы мектеп болды, біздің жобада әртістік қарым-қабілеті мықтап шыңдалды. Өзіне сеніп тапсырылған міндеттерді де абыроймен орындап шықты. Өз кезегінде, мен де қолымнан келгенін аянғаным жоқ. Басты кейіпкердің болмысын барынша ашуға тырыстық. Егер алғашқы картинада ол ұшқыш болуды армандаған қазақтың қара домалақ баласы ретінде танылса, бұл фильм-де ол тек өзі үшін ғана емес, сонымен бірге отбасы үшін де, тұтас бір комбинат үшін де бар жауапкершілікті мойнына алуға дайын, ақылы толысқан ересек адамның мінезін танытады.

Нұрлан Әлімжанов, актер:

– Тек менің қуанышым емес, бұл фильм біздің бірге жасаған қара шаңырақ Шәкен Айманов киностудиясындағы қаншама әріптестерімнің жемісі, жеңісі деп білемін.
Мен бұл фильмге түсу барысында үлкен жауапкершілік сезіндім. Бұл басқа фильмдерге қарағанда өте өзгеше екендігін айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Себебі, тарихи тұлғаны, еліміздің Көшбасшысын сомдау менің бойымда түрлі толғаныстар мен рухани толқулар туғызды. Бұл фильмде мен өзімді басқа қырынан көрсетуім керек болды, яғни салмақтылық, ұстамдылық секілді мінез қалыптастырдым. Мыңдаған адамның арасынан оқ бойы алға шығып Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдау бақыты маған бұйырғанын тағдырымның сыйы деп білемін. Елбасының өмірінде болған түрлі оқиғалар мен жағдайларды өз басыңнан өткізгендей тіл жетпес әсерде боласың, кейіпкерімді тек сырттай көрсетіп қана қоймай, ол кісінің ішкі жай-күйін өз басымнан өткергендей болып, жан дүниесін ұғынуға және оны халыққа көрсетуге тырыстым.  Осы фильмге түсу кезеңдері, фильмге түсіп болғаннан кейінгі уақыттар менің өмірімнің ұмытылмас, ажырамас бөлігіне айналды. Болашақта балаларыма мақтанышпен айтып жүретіндей тарихи кезең. Бұл мен үшін үлкен белес, үлкен мәртебе.

Талғат ТАЙШАНОВ, қоюшы-оператор:

– Ел Президенті туралы, тұлға жайында  мұндай кейінгі жастарға өнегелік ғибраты көл-көсір  туындылар мейлінше жиі түсірілген сайын мұнымен бірге халқымыздың бастан кешкен тарихи кезеңдері көркем шежіре тіліне көбірек көшіріліп, әрі ұшан-теңіз қазына қадау-қадау дүниелермен қомақтана түсері, рухани қор арта берері белгілі.
Қашанда халқының қамын жеп жүретін Нұрсұлтан ағамыздың қайраткерлігі Теміртауда жұмыс істеген сол жылдардың өзінде қалай қалыптасқанын көргенімде өзім үлкен бір тәлім-тәрбие мектебіне тап келгендей күйге түстім. Жалпы, фильмде осы жағынан ой салатын, толғантатын тұстар жеткілікті.
Біріншіден, Нұрсұлтан ағамыздың рөлін сомдаған актер Нұрлан Әлім­жановты құттықтағым келеді. Ол өзіне жүктелген міндетті өте жоғары деңгейде орындап шыққан. Екіншіден, түн ұйқысын төрт бөліп, әлдилеген әз ананың алдында барлық адам әлсіз. Маған Нұрсұлтан Әбішұлының анасы – Әлжанды сомдаған, кеңес дәуірінен бас­тап бәрімізге етене таныс, белгілі актриса Наталья Арынбасарованың шеберлігі ұнады.
Операторларға фильмнің ең  ауыр жүгі артылғанын байқадым. «Тығырықтан жол тапқан» фильмі ендеше тәжірибелі шеберлердің қолынан шыққан деп нық сенім білдіре түйіндеуіме болады.

Көрермен пікірі

Бұл фильмнен өзіме үлкен рухани азық алдым деуге болады.

Жаңа туындының әсерлі болғанын киноны қалт етпей көріп отырған көрерменнің көзқарасынан байқауға болады. Біз кинодағы өмірге еніп, сол кезеңде күн кешіп жатқандай болдық.  Өз басым Елбасы образы арқылы қазақтың қанында бар батырлық, батылдық, жігерлілік сияқты ерге тән қасиеттердің бәрін бір бойына жинай білген атпал азаматты көре алдым. Халқымыздың, әсіресе, ер жігіттердің намысқой, айтқан сөзінен қайтпайтын бірбеткейлігі осы рөл арқылы еш боямасыз беріліп тұр. Мәселен, Президенттің әкесі Әбіш атамыз жүріп келе жатқан поезды атпен шауып келіп тоқтатып, оның ішіндегі сүйген қызын алып қалады. Менің ойымша, бұл да еш нәрседен жүрексініп, қаймықпайтын нағыз азаматқа тән іс қой.
Фильм тағылымға толы болды десек, қателеспейміз. Себебі, Ұлт Көшбасшысының сталиндік саясат алқымынан алса да, Алласын аузынан тастамаған нағашы атасының, одан қалды, анасының сөздері қандай тағылымды десеңізші! Бәрі де адамға ой салып, әсер етеді.
Теміртаудағы металл өндіретін кәсіп-орындағы өнім көлемін арттыруды ғана емес, онда еңбек ететін мыңдаған адамға жағдай жасауды көздеп, сол үшін нақтылы әрекеттерге баруы да екі басшының бірінің қолынан келе бермейтін іс. Бүгінгі таңда да ол индустрияны қарқынды етіп, сол арқылы экономиканы дамытуды ғана көздемейді, жанашырлық танытып, әр қазақстандықтың жағдайын ойлап тұрады. 
Жас та болса, бас бола алатын, алысты болжайтын көреген қасиет, елін сүйетін ақ адал азаматтығы кино барысында сәтті суреттелген. Саяси сындардан сүрінбей, жол тауып шыға білген Президент Нұрсұлтан Әбішұлы  бүгінде көп елге үлгі. Ол – феномен. Оның өз биігі бар. Оған біздің тараптан сын да, мін де жоқ. Міне, бұл тек нағыз Көшбасшының ғана бойынан табылар абзал қасиет қой. Сондықтан да, ел онымен мақтанады, осындай адамгершілік қасиеттері үшін құрмет тұтады.

Зәмзәгүл МЫРЗАХМЕТОВА,
«Тұмар» корпорациясының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар