Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Емханадағы «ашық есік» күні - АРҚА АЖАРЫ

Емханадағы «ашық есік» күні

Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында жастарға қолдау көрсету орталығы жұмыс істейді. Аталмыш орталық 10 жас пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастарға медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Нақтырақ айтар болсақ, гинекология, урология, дерматовенерология, психология және басқа да бағыттар бойынша мамандар кеңеспен бөлісіп, сондай-ақ репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша семинар-тренингтер өткізеді.

Айта кетейік, 1-7 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының өңірлерінде жастар денсаулық орталықтарында «ашық есік» күндері өткізілді. Мұндағы мақсат: бұқара назарына осындай орталықтың бар екенін жеткізу және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен мазмұны туралы шолу жасау.  Бұл орталықта көрсетілетін қызметтердің барлығы тегін әрі заманауи технологиялар мен қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

–Өткізіліп жатқан шара аясында жасөспірімдер мен жастар гинекология, урология, дерматовенерология саласындағы мамандардың консультациялары, сондай-ақ емдеу-диагностикалық көмек ала алады. Сондай-ақ,  репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша семинар-тренингтер өткіземіз. Жасөспірімдер мен жастарға әлеуметтік көмек алу, сондай-ақ орталықтардың заңгерлерінен қажетті құқықтық көмек алу мәселелері бойынша да ақпарат алады. Іс-шараны облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары, сондай-ақ жастар денсаулық орталықтары ұйымдастырады, – деп атап өтті «Senimen bolashaq» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының басшысы Айгүл Нұрмағамбетова

Жастар денсаулық орталығы – қол жетімділік, ізгі ниет және сенім қағидаттарына негізделген жасөспірімдер мен жастарға кеңес беру мен қызмет көрсетудің халықаралық деңгейде танылған интеграцияланған жүйесі. Орталықтарда жастар өздері үшін қажетті кеңестер мен мамандардың көмегін тегін ала алады.

–Біз бұл орталық туралы әлеуметтік желіден көрдік. Өте қолжетімді әрі жастарға қажетті мамандар қызмет көрсететінін білгенде, бірден құрбыларымды ертіп келдім. Жастарға қолдау көрсететін осындай заманауи орталықтардың бары қуантады. Әрі бұл жерде қажетті технологиялардың барлығы бар. Яғни, қажетті ақпарат түсінікті, әрі қызықты жеткізіледі, – деп ризашылығымен бөлісті студенті Утегина Аяжан.

Расымен де, орталықтың заманауи технологиялар мен қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілгеніне өзіміз куә болдық. Мамандар да өз ісін адал әрі жауапкершілікпен орындауда. Ең бастысы келушілер дән риза.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар