Көрісу күні: бұл күнді Амал мерекесі деп атайды

Облыс орталығының ішкі саясат басқармасының  ұйымдастыруымен «Достар» мәдениет сарайында  Көрісу күніне арналған «Наурыз шапағаты» атты мәдени-спорттық іс-шара өткізілді.

Оған зиялы қауым өкілдері, арнайы шақырылған қонақтар мен жастар, БАҚ өкілдері қатысты.Мәдениет сарайының фойесіндеқатысушыларға қазақ халқының ұлттық ойындарынан түрлі көрме ұйымдастырылып, таныстырылды.Ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин барлық жиналғандарды көктем мерекесі – жыл басымен құттықтады.

−Баршаңызды амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын және әрқайсыңызға жылылық, махаббат пен бірлік тілеймін. Бұл күні адамдар бір-біріне бақыт, жақсылық және бейбітшілік тілейді.  Қазақстандықтар үшін наурыз мерекесі ерекше мейрам. Қыстың сәтті аяқталуы баршамызға көгілдір көктемнің басталуын білдіреді. Көрісу салты бұл жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күн, татулық пен мейірімділікті, ізеттілікті меңзейтін халқымыздың игі дәстүрі, – деді ол.

Іс-шарадақонақтарды қазақ өмірінің элементтері бар киіз үй экспозициясы күтіп тұрды. Ондағы домбыра, дөңгелек үстел, ұлттық киімдер мен ыдыс-аяқтар келген қонақтардың көзін қуантты.

Сондай-ақ, мектептердің жергілікті оқушылары асықойнау қабілеттерін көрсетті. Мерекеге Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерсана Қапаров және халықаралық айтыстың жеңімпазы, танымал ақын Айшолпан Тілеутай шақырылыпты. Ол өз өнерімен көрермендерді қуантты. Бағдарламаның басты бір қонағы халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы, атақты қазақ терминаторы Темір Спатаев  болды.  Ол жастарға мастер-класс өткізіп, өзінің күш қабілеттерінің құпияларымен бөлісті. Сахнада оқушылар өздерінің күш-жігерін сынап көрді.

−Жастар мықты және белсенді болуы керек. Мен барлығыңызды спортпен шұғылдануға, алдарыңызға биік мақсат қоюға және соған жетуге шақырамын. Бүгін осы тамаша мерекеде мен Көкшетауғакелгеніме өте  қуаныштымын.  Мұнда қазақ ұлтының дамуына үлкен үлес қосқан көптеген танымал адамдар дүниеге келді.Сіздердің алдарыңызға шығып өнер көрсетумен үшін үлкен мәртебе. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» демекші, баршаңызға Көрісу күні құтты болсын. Қазақ халқы тілін де, дінін де, салт-дәстүрін де сақтап қалған және жеті атасын білген. Бізде көрсететін нәрселер өте көп. Сондықтан, әкімшілік, ішкі саясат басқармасына құрметтеп, қарсы алып жатқанына алғыс айтамын,−деді Темір Спатаев.

−Қазақ еліне,көкшелік жастар мен ұйымдастырушылар қауымы мен қонақтарымызға мың да бір алғыс айтамын. Бүгінгі көктемнің Көрісу күні осындай керемет жастармен кездесіп отырғаныма бақыттымын. Мақсат айқын болған кезде армандар міндетті түрде орындалады. Менің мақсатым да айқын болды. Әрбіреуіңіз өзіңіздің салаңызда бар мақсатты айқындап алсаңыз одан кейін соған жігерлеріңізді салып, қайсарлық танытсаңыз жетістікке міндетті түрде жетесіз, −деді Ерсана Қапаров.

Сондай-ақ, іс-шара соңында Амал мерекесіне арналған өңірлік байқаудың жеңімпаздары атап өтілді. Бірінші орынды Көкшетау медицина колледжі, екінші орынды №17 орта мектептің оқушылары, ал, үшінші орынды Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі иеленді.Барлық жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды.Сонымен қатар, қатысушыларға ынаталандыру сыйлықтары беріліп, музыкалық ән-шашу орындалды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар